Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 6598 4 пікір 11 Шілде, 2017 сағат 12:36

Арыстанбек Мұхамадиұлы Көне Талхизді тірілтпек

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлы көне Талхизді тірілтуге білек сыбана кірісіп кеткені туралы хабарлаған ек.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 33 қаланың бірі Талхизді қайта тірілтіп, ашық аспан астындағы музейге айналдыру туралы бастама әу баста әртүрлі пікірге жетелеген-ді.

Енді  міне, министр Арыстанбек Мұхамадиұлы тікелей араласып, тарихи реконструкцияны бастаған көрінеді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамадиұлы өзінің "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында сүйінші сұрап, хабарлады.

Арыстанбек Мұхамадиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: 

-Достарым, біз аты аңызға айналған Алтын Адамның тұрағын іздеуге кірісіп кеттік.
Демалыс күндері мен Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан еліміздің ірі қорық музейлерінің бірі "Есіктегі" бірқатар байырғы қалашықтарға жұмыс сапарымен барып қайттым.
Бұл ғажайып тарихи кешен өткен күнгі және бүгінгі мәдени мұраның небір құпияларын бүгіп, жұмбақтарын жасырып жатқандай! Елге танымал, атақты ғалым Карл Байпақов жұмысты бір сәтке де тоқтатуға болмайды, сонда нәтижесін көреміз деп тон пішуі бекер емес. Биылғы жылдың мамыр айында "Есік" қорық-музейінің кешенді археологиялық экспедиция қалашықта барлау археологиялық зерттеулерін бастап кеткен, келешекте бұл жұмыстар обьектідегі кең ауқымды қазба жұмыстарының барысын айқындайтын болады.


Сапарымызды қазіргі заманғы Қазақстан, Қырғызстан мен Қытайдың территориясында орналасқан Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық 33 қаланың бірі Талхиз қаласын аралаудан бастадық. Қала халықаралық жол бойындағы негізгі бекеттердің бірі, сонымен қатар табылған заттарға қарағанда Талхизде өзінің теңге сарайы болған. Орта Азия қалалары мен Талғар қаласында соғылған шақалар сол кездегі сауда байланыстарының қаншалықты кең таралғанын айқын көрсетеді.
Жазба деректерде Талхиз 982 жылы алғаш рет белгісіз автордың "Құдұд әл-ғалам" географиялық трактатында Іле алқабының үлкен ортағасырлық қалаларының бірі ретінде сөз етіледі.
Археологиялық қазбалар бойынша қаланың VIII-IX ғасырлардың соңында қалыптаса бастағаны, ал оның аса қарқынды дамуы X – XIII ғасырдың басына келетіні анықталды. Талхизде ұста, металл өңдеу, қыш, әйнек, сүйек ою кәсіптері мен құрылыс ісі дамыған еді. Үй-жайларды (усадьбаларды) қазғанда, олардың тұрғын бөліктерден (4-6 және және одан көп үй-жай) құралғаны анықталды. Тұрғын бөлмелерде жылытуға және тағам, оның ішінде нан дайындауға арналған тандырлар болған. Көптеген үйлер ауқымы – 32 бастап 75 шаршы метрге дейін қамтитын астық сақтау орындарымен жабдықталған. Үйге жапсарлас таспен қоршалған және саз балшықты дуалды ауланың ішінде қой мен ешкілерге арналған қашалар, сиырларға арналған сарайлар мен атқоралардың орны табылды.

Осылайша, тұрғындар мал өсірумен және жер игерумен айналысқаны белгілі. Әсіресе бидай өсірумен бау-бақшалық – алма, өрік, жүзім өсіру дамыған. Жібек жолы бойында тиімді орналасуы қолөнердің, әрі сауданың дамуына себепші болған, бұған сол жерлердегі археологиялық қазбалардан табылған заттар куә. Кеннің көп мөлшердегі күлдері мен кесектері ежелгі қаланың темір балқытқаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Талхиз 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының тізіміне енгізілді. Оны пайдалану, қорғау, сақтау және басқаруда 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған Бүкіл әлемдік табиғи және мәдени мұраларды қорғау туралы конвенцияның халықаралық шарттарының нормалары мен ережелері пайдаланылады.
Біз ат басын тіреген келесі көне қаланың орны, тау етегінде, Есік қаласынан оңтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан Рахат қаласы еді. Ескі қаланың құрамдас бөліктері шығыстан батысқа қарай тау бойын жағалай тұрғызылған. Шұңқырлары, мұнаралы қорғандары анық байқалады. Рахат Сақ хандарының резиденциясы болған және Алтын адамның мәйітін осы жерден шығарған деген болжамдар бар.
2004 жылы Рахат қаласына Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының мамандарымен алдын ала қазба жұмыстары жүргізілді және ол жерден Есік қорымының кезеңіне сәйкес келетін мәдени қабаты анықталды.
Өрнек қаласына келер болсақ ол – ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұраларының тізіміне енген аймақтағы бес тарихи және мәдени ескерткіштің бірі. Оның тарихи және археологиялық тұрғыдағы ерекшелігі Жібек жолының бойында орналасқан және Талас алқабының аумағына кіреді.
Таразға бағынышты бола тұра географиялық, экономикалық, стратегиялық ыңғайлы жерде орналасқан Өрнек қаласы Европадан Азияға және кері бағыттағы екі күре жолды бақылауында ұстап, сол арқылы өтетін сауда легін қадағалаған.
Бүгінгі таңда "Есік" қорық-музейінде Оңтүстік Корея және ҚХР-ның ғылыми ұйымдарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
7 шілдеде "Есік" қорық-музейі қызметкерлерінің Шанси провинциясы археология институтымен (ҚХР) Рахат қаласының орнындағы бірлескен жұмысының бірінші кезеңі аяқталды.
Археологиялық барлау барысында ерте темір дәуірінен орта ғасырға дейінгі артефакттар табылды.
Барлау жүргізілген шұңқырлардың бірінен табылған керамика күйдіруге арналған пеш аумақтағы төбешіктердің жасандылығы теориясын растады.
Барлау жұмыстары қытай мамандарымен бірлесіп алдағы бес жыл бойы жүргізілді.


Үстіміздегі жылғы мамыр-маусым айларында Өрікті обасында аты аңызға айналған қазақ археологы Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің құрметіне Бекен ата қорының ұйымдастырушылары мен әртүрлі елдерден - Қазақстан, Ресей, Украина, Италия, Венгриядан еріктілер қатысқан бірінші ұлттық археологиялық "Нұрмұханбетов экскавейшнс" экспедициясы жұмыс істеді. Экспедиция нәтижесінде б.э.д IV-III ғасырлар тұсындағы сүйектер, үш алтын моншақ, бір темір түйреуіш табылды.
"Есік" қорық-музей, археологтарының бірлескен жұмысының бастамасында корей мамандары Өрнек ауылы маңында былтырғы жылы сақ кезеңіндегі әйелдің жерленуі мен керамикалық ыдыстар және алтын бұйымдардың бөлшектерімен танысты.
Біздің қорық-музейдің археологтарымен Оңтүстік Кореяның 5 институтының қызметкерлері: Сеул Ұлттық университеті, DONG-SEO мәдени құндылықтар институты, Мәдени-мұра орталық институты, Mahan ғылыми-зерттеу мәдени орталығы мен Daehan мәдени құндылықтар институты ынтымақтастықта жұмыс жасады.
8 шілдеден бастап біз корейлік мамандармен бірлескен зерттеу жұмыстарының екінші кезеңін бастадық, бұл жолы олар Рахат шатқалында жүргізілмек.
Жалпы айтқанда, достарым, біз жұмыстың жаңа белсенді кезеңіне аяқ бастық. Жақын арада сіздермен қызықты жаңалықтармен бөлісемін деп сенемін. Осы сапарда бізбен жергілікті әкімшілік басшылығы бірге жүрді, туристерге нысаналар аралауда қолайлы болуы үшін коммуникация мен инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін бірлесіп пысықтайтын боламыз. Айтпақшы, шыға бере ежелгі тарихымызбен танысып, Алтын адамды көруге келген мұражайдың ең кішкентай келушілерін де кездестірдім. Бұл экскурсияны оларға ата-анасы бұрыннан уәде еткен екен. Ерекше ықыласпен естелікке суретке түстік. Айта кететіні, Талғардағы біздің музей танысу экскурсияларының арнайы интерактивтік нұсқаларын ұсынады, сонымен бірге жаңа үлгідегі квестер өткізеді.
Егер, жол түссе, музейдің есігі Сіздер үшін әрдайым ашық!

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500