Жұма, 29 Наурыз 2024
Масқара! 8374 10 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 07:02

4 сынып оқулығы қазақты үш жүзге бөліп тастапты

Қолыма Қазақ тілі «для школ с русским языком обучения» деп аталатын 4 сыныпқа арналған оқулық түсті. Авторлары Ермекова Т.Н., Сәтбекова А.А., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б.. Ішіне үңілдім де түңілдім. Сіздер де танысып көріңіздер:

8 бет: Қазақ Әліппесі деген сөздің бәрін Қазақ Алфавиті деп алып қазақша аудармасын бермеген.

9 бет: Әріптердің дыбысталуын әріптердің аты деп қате берген. Бб – Бе (дұрысы Бы), Гг – Ге (дұрысы – Гі), ҒҒ – Ға (дұрысы - Ғы), Дд – Де (дұрысы - Ды), Жж – Же (дұрысы - Жы), Зз – Зе (дұрысы - Зы), Кк – Ке (дұрысы - Кі), Ққ – Қа (дұрысы - Қы), Лл – Эл (дұрысы - Лы), Мм – Эм (дұрысы - Мы), Нн – Эн (дұрысы - Ны), Ңң – Ең (дұрысы - Ың), Пп – Пе (дұрысы - Пы), Рр – Эр (дұрысы - Ыр), СС – Эс (дұрысы - Сы), Тт – Те (дұрысы - Ты), Һһ – Һа (дұрысы - Һ), Шш – Ша (дұрысы - Шы) деп берілген. Әріптерді кітапта берілгендей етіп дыбыстау, қазақ тілін акцентпен бұзып сөйлеуге апарады.

79 бет: «Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді» деп жазылған. Дұрысы «Қазақ халқы Үш жүзден құралады» болуы тиіс еді. Себебі, барлық ауызша да, жазбаша да деректердің бәрінде Қазақтың «Үш Жүз деп аталатын үш баласы бар» делінеді. «Бөлінеді» деген сөз ұрпақтарымызды бөлінуге апарады емес пе?

81 бет: «Әйтеке би – кіші  жүздің биі. Ол жасынан батыр, шешен болған. Оған халық мал, жер тағы басқалар. Даумен барған. Ол туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын біріктірген. Әйтеке би Тәуке ханның кеңесшісі болған».

Дұрысы: Әйтеке би – Кіші жүздің биі. Ол жасынан зерек, алғыр, білімді, батыр, шешен болған. Оған халық мал, жер тағы басқа дауларын шешу үшін барған. Оны халық дауларды әділ шешетін болғаны үшін Би сайлаған. Ол туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын біріктірген. Әйтеке би Тәуке ханның кеңесшісі болған».

82 бет. «Тура биде туыс жоқ» дегеннен гөрі «Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ» деген халық мақалын тұтас беріп, балаларымызға әділдікпен бірге иман деген ұғымның да мағынасын аша кеткендері жөн болар еді.

82 бет. «Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай – қазақ халқының батырлары. Дұрысы «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай – қазақ халқының батырлары» деп Ата-тектерін көрсету жөн. Қазақ халқы әрқашан да даңқты ұлдарын Ата тегімен қосып атаған. Ағашты тамырынан ажыратуға болмайды емес пе?

84 бет. «Елді батырлар билеген». Елді батыр емес, хандар мен қағандар билеген. Батырлар елді жаудан қорғаған.

86 бет. «Домбыра - қазақ халқының музыкалық аспабы. Ол қос ішекті. Домбыра ағаштан жасалады» деген жерді сәл толықтырып:

Домбыра – қазақ халқының музыкалық аспабы. Ол қос ішекті. Домбыраны ағаштан және малдың кептірілген ішегінен жасаған. Домбыраның авторлық құқығы ежелгі қазақтар да жатыр. Қазақ елінде домбыра жасайтын шеберлер ауылы көп болған. Оларды халық құрметпен  Омбы, Домбы, Домбай, Домбыралы, Домбауыл (Домбыра жасаушылар ауылы) деп атаған.

89 бет. «КИІЗ ҮЙ. Киіз үй – көшпелі халықтардың баспанасы. Ол – өте қолайлы. Киіз үй тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Қазақ халқы киіз үйді әсем безендіреді. Киіз үйдің ішінде ағаш төсек, шымылдық, сандық тағы басқа бұйымдар болады» деген тақырыпты:

КИІЗ ҮЙ.  Киіз үй – ежелгі қазақтар жасаған баспана. Оны көшпелі халықтардың бәрі пайдаланған. Адамзаттың асыл мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Ол – өте қолайлы. Киіз үй тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Қазақ халқы киіз үйді әсем безендіреді. Киіз үйдің ішінде ағаш төсек, шымылдық, сандық тағы басқа бұйымдар болады.

92 бет. «Киіз үй төрт бөлшектен тұрады. Олар – кереге, уық, шаңрақ, есік. Бұлар ағаштан жасалады. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Киіз үйдің негізгі бөлшегі -  шаңырақ. Шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұра болып қалады. Ұл бала шаңырағының иесі.

Дұрысы. Ол атадан балаға мұра болып қалады. Әке шаңырағының иесі кенже ұл. Ол қарашаңырақ  деп аталады.

93 бет. «Оқтау тартыс» дегеннің орнына «арқан тартыс» ойыны деген дұрыс. Қазақ «оқтау» деп еттің нанын жазатын таяқшаны атаған. Оны қастерлеп таза ұстаған. Қазақ баласы «оқтаумен» ойнамаған.

120 бет. «Ерте заманда қазақтар әрбір малдың пірі болады деп ұққан. Мысалы, қойдың пірі – Шопан ата, Түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата, сиырдың пірі – баба, ешкінің пірі – Сексек ата деп білген. Қазақтар осы пірлерге сиынған».

Дұрысы: Қазақ халқының тегі өте ескі замандардан бастау алады. Олар даланың жабайы аңын ең алғаш қолға үйреткен адамдардың есімін күні бүгінге дейін сақтаған және оларды аса  құрметпен әрбір мал мен малшының пірі (ұстазы) деп атайды.  Мысалы, қойдың пірі – Шопан ата, Түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата, сиырдың пірі – баба, ешкінің пірі – Сексек ата деп білген».

145 бет. «КӨЛІКТЕ. Қала көшелерінде түрлі көлік жүреді. Олар – машиналар, автобустар, троллейбустар, трамвайлар. Қалалық көлік адамдарды керек жеріне уақытында жеткізеді. Автобус, троллейбус, трамваймен жүру үшін жол ақысын төлейді. Кейбір адамдар бір айлық жол билетін алады. Ол өте ыңғайлы».

Міне осы әңгімені  «Қала көшелерінде түрлі көлік жүреді. Олар – машиналар, автобустар, троллейбустар, трамвайлар. Қалалық көлік адамдарды керек жеріне уақытында жеткізеді.  Көлікте балалар жасы үлкендерге орын береді. Қазақтың Ата салтында үлкен тұрғанда кіші отырмайды. Автобус, троллейбус, трамваймен жүру үшін жол ақысын төлейді. Кейбір адамдар бір айлық жол билетін алады. Ол өте ыңғайлы» делінгенде балаларымыз қазақ халқының әлемге үлгі болған жақсы бір салтын біліп өскен болар еді.

Жарайды. Осымен тоқтайын. Әйтпесе, мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіруге болады. Міне өздеріңіз көріп отырғандай, қазіргі мектеп оқулықтары ұлттық мүддеге сай келіп тұрған жоқ. Сондықтан барлық тіл жанашырларын қазіргі мектеп оқулықтарының бәріне ұлттық мүдде тұрғысынан осындай сараптама жасап көптің талқысына салуды ҰСЫНАМЫН!

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596