Жұма, 26 Сәуір 2024
4675 6 пікір 29 Маусым, 2017 сағат 09:17

Лавров: Путин мен Трамп Гамбургте кездеседі

Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Гамбургте "Үлкен жиырмалық" саммиті аясында кездеседі - Мәскеудің жоспары осындай. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Лавровтың пікірінше, "Вашингтондағы русофобия" Ресей мен АҚШ-тың әлемдік маңызды мәселелерді бірге шешуіне кедергі келтіріп отыр.

26 маусымда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Димитрий Песков 7-8 маусымда Путин мен Трамп Гамбургте кездесуі мүмкін екендігін жоққа шығармады. Өйткені олар "бір уақытта бір қалада, бір шарада болады" деді ол. Бірақ кездесу форматы қандай болатыны әзірге белгісіз.

Бір апта бұрын Кремль СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябковтың АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннонмен кездесуін болдырмай қойды. Осы әрекеті арқылы Ресей америкалық санкцияларға жауап берді.

Abai.kz

6 пікір