Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 24269 7 пікір 29 Маусым, 2017 сағат 09:15

Криптовалюта дегеніміз не?

Cандық ақша төлем құралы. Сіз кез-келген ақша аударымдарын жасасаңыз банк арқылы немесе кредиттік компания арқылы жүзеге асады. Мейлі телефонға бірлік, коммуналды төлемдер т.б көптеген  операциялар делдал (комиссия) арқылы жүзеге асады. Ал криптовалюта да барлығы басқаша.

Жалпы «крипто» сөзін грек тілінен аударсақ (құпия, жасырын) деген мағына береді. Мысалы сіз ватсап желісі арқылы жазған, жіберген хабарламаларыңыз әріптермен кетпей қауіпсіздік үшін  шифрланады. Сандық ақша дәл сол сияқты. Ең алғаш криптовалютаның негізін қалаған псевдоним  Сатошо Накомото атты математик 2009 жылы ойлап тапты. Негізі шын есімі бүгінге дейін белгісіз және оны ешкім көрмеген. Сатошо Накомото есімін жапон тілінен аударғанда "Ясно мыслящий внутри системы" деген мағынаны білдіреді. Математикалық әрбір шешкен алгоритімдерді ол «биткойн» деп атаған. Сатошо Накомота жасаған ең алғашқы криптовалюта «Биткойн» арқылы жасалған бірінші транзакция – 100 мың биткойнға екі пицца  сатып алынған болатын. 2009 жылы Биткойнның бағасы 0,4 цент болса, қазір бір кірпіш алтынның құнынан асып түсті. ($2495)

Енді мынадай сұрақ туады: «Криптовалютаның соншалықты артықшылығы неде?» деген. Сандық ақша деген- математикалық алгоритмдер арқылы шешілген әріптер мен сандардың жиынтығы. Криптовалютаның бүгінде 3000-ға жуық түрі болса, ең танымалы- биткойн. Криптовалюта ешқашан кибершабуылға, xакерлік шабуылдарға бүлк етпейді. Қорғанысы өте жоғары,мықты. Девальвация деген атымен жоқ. Криптовалютаны кез келген әлемнің нүктесіне бір сәтте жібере аласыз. Шотыңызға тексеріс немесе транзакция жасау барысында сізге ЕШКІМ кедергі жасай алмайды. Ол мемлекетке, ұлттық банке тәуелді болмайды.Бағынбайды. Ешкімге. Демек ФРС сияқты сандық ақшаны жеке тұлғалар (эмитент) шығарады. Бірақ бұл мүлде басқа валюта. Сіз ол ақшаны қолыңызға ұстай алмайсыз және қалтаңызға сала алмайсыз.

Иә. Қазір биткойн арқылы Илон Масктың  «Тесла» электр-көлігін, Стив Джобстың «iPhone» телефонын, Мәскеу сыраханасынан сыра іше аласыз. ЕвроОдақ биткойнді ресми түрде қабылдаса, Жапон елі бүгінде үйреншікті қолданып жүр. Әрине кейбір адамдар криптовалюта болашақтың төлем құралы ретінде қарайды. Ал, кейбірі бұл жүйе әлемдік экономикаға өз зиянын тигізеді деп ойлайды. Бірақ екі тарап та кез-келген транзакция делдалсыз жүрсе әлемдік экономикаға тиімді екенін жоққа шығармайды. Кезінде қоғам нарықтық экономикаға көшкенде виртуалды ақша жүйесіне сенімсіздікпен, үреймен қабылдап еді, бүгінде екінің бірі қолданады.

Қасеке Нұрсұлтан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516