Жұма, 19 Сәуір 2024
EXPO - 2017 6287 15 пікір 28 Маусым, 2017 сағат 19:27

ЭКСПО-2017 билеттерінің акциясы туралы не білесіз?

Астана күні қарсаңында ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырушылары мерекелік акция ұйымдастырмақ.

«Астана ЭКСПО2017»ҰК» АҚ 1-10 шілде аралығында халықаралық көрме алаңына кіру билетінің жаңа түрін енгізбек.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылып отырған акция шарты бойынша, демалыс күндері 3 билет алған адамға төртінші билет сыйға беріледі екен.

Демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балалар ЭКСПО көрмесін тегін тамашалай алады. 12 жасқа толмаған балалар ата-аналарымен бірге кіруі тиіс (сондай-ақ, баланың жас мөлшерін нақтылау үшін, құжаты бірге болуы шарт).

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы көрмені тамашалаушылар үшін билеттің жаңа түрін енгізбек. Ол «Кешкі» тариф бойынша қолданылады. «Кешкі» билеттің жарамдылық уақыты – 18:30-дан басталады деп көрсетілген. Демалыс күндері – 2 мың теңге. Жұмыс күндері – 3 мың теңге. Арнайы жеңілдігі бар азаматтар үшін билет құны екі есеге төмендетіледі (Дем: 1 мың теңге, жұмыс күні 1,5 мың теңге).

Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесінің абанементтері де сатылымға шықты. Бүкіл көрменің аяқталуына дейін жарамды абанементтің орташа бағасы 50 мың теңгені құраса, жеңілдігі бар азаматтар үшін 25 мың теңге болмақ.

Билеттер ЭКСПО-2017 көрмесі кассаларында сатылымға шығарылып отыр.

3 айлық абанемент иелері үшін ескерту! Абанемент жеке адамға тіркелетіндіктен, жеке құжаттарымен келулері керек.

Акция туралы толық ақпарат: https://tickets.expo2017astana.com/pages/lgotyi-i-skidki

Abai.kz

15 пікір