Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6135 3 пікір 28 Маусым, 2017 сағат 15:13

Телібековтің Мұсылмандар одағы Заңсыз құрылған ба?

Өзін Қазақстан Мұсылмандар Одағының төрағасымен деп таныстырып жүрген Мұрат Телібековтің басы тағы да дауға қалды.

Кеше Мұрат Телібеков өзінің "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында біртүрлі жазба жариялады.

"Ертең  Алматы қалалық Әкімшілік сотында (Тимирязов-Марков), сағат 11:00-де менің сотым болады. 220 000 теңге айыппұл салмақшы. Қазақстан Мұсылмандар одағының тіркеуін полиция дұрыс емес деп есептейді екен. Келемін деушілерді шақырамын. Кіру тегін. Тегін самса мен минералды су таратамын. Ән мен би болады...", - деп жазды даулы одақтың төрағасы.

Расында Мұрат Телібеков мырзаны Президенттікке кандидат дәргейіне дейін жетелеген осы бір одақтың Заңсыз құрылғандығы жөнінде біраздан бері айтылып жүр.

Сонымен Телібековтің одағы тіркелген бе, әлде жоқ па? Бүгінгі сот қандай шешім шығарды? Біз Мұрат Телібеков мырзаның өзінен сұрап білдік.

"Сот шешімі бойынша 100 Айлық есептік көрсеткіште айыппұл салды. Мен барлық тиісті құжаттарды көрсеттім. Сот процессінің ауаны бірінші отырысынан кейін-ақ, белгілі болды. Мен прокурорға кері шағымдандым, шегеріп тастады. Сотқа кері шағымдандым, оны да шегеріп тастады. Өз сөзімде мен, мұндай жағдайдың сот жүйесін дискредиттеп қана қоймай, еліміздің имиджіне нұқсан келтіретінін айттым", - деді Мұрат Телібеков.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Телібековтің Мұсылмандар одағына қатысты даудың бірі 2011 жылғы Президент сайлауы тұсында шыққан.

2015 жылы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы арнайы мәлімдеме жасады.

"Біздің сұрауымыз бойынша Діни басқармаға Әділет министрлігі тарапынан ресми жауап хат келіп түсті. Осы хатта «Қазақстан мұсылмандар Одағының» ұйым ретінде еш жерде тіркелмегені көрсетілген.

Сондай-ақ, М.Телібеков қандай да бір діни бірлестіктің басшысы не болмаса мүшесі ретінде тіркелмеген. Осы орайда, ҚМДБ М.Телібековтың өзін «Қазақстан мұсылмандар одағының» басшысы ретінде айтуға және тіркелмеген ұйымның атынан сөйлеуге құқығы жоқ деп санайды", - деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563