Жұма, 19 Сәуір 2024
Сүйінші! 5544 0 пікір 21 Маусым, 2017 сағат 10:05

Көп мәртелі виза екінші рет виза аштырғандарға беріледі

Естеріңізде болса, осыдан үш апта бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Қ. Әбдірахмановтың атына «Abai.kz» ақпараттық порталы арқылы «Үш жылға берілетін визаны барлық этникалық қазаққа ортақ етуді сұраймын!» (http://abai.kz/post/53750 ) атты Ашық хат жариялағанбыз. Ол Ашық хатты сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы арқылы аталған министрлікке де жібергенбіз. Онда, Қытайдан Қазақстанға келуге өтініш білдірген қандастарымызға үш жылға көп мәртелі виза беру тәртібінің барлық адамға біркелкі атқарылмай жатқанын айтып, сұрау салғанбыз. Бүгін Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінен директор А. Мәдиевтің қолы қойылған ресми жауап хат келді.

Жауап хатта Сыртқы істер министрлігінің жауапты тұлғасы «Этникалық қазақтарға, бастапқы визаны ресімдеуде әңгіме жүргізіледі және алғашқы Қазақстан Республикасы визасы бір жылға дейін, ал қайта өтініш жасағанда әңгімелесусіз виза 3 жылға дейін беріледі» депті.

Демек, үш жылға көп мәртелі виза екінші рет виза аштыруға өтініш бергендерге беріледі. Өтініш берушінің жасына қарамайды. Қытайдан Атажұртқа келуге бет алған қандастарымыз осы мүмкіндікті толық пайдалануын өтінеміз. Консулдық қызметкерлері де бұл қағиданы бұлжытпай орындайды деген сенімдеміз. Бұл виза беру тәртібі кезекті азайтуға септігін тигізеді.

Ауыт Мұқибек

 20.06.2017

Астана

Abai.kz

0 пікір