Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Анық 5135 5 пікір 14 Маусым, 2017 сағат 22:29

Мәжілісте жер кодексі қызу талқыға түсті

Бүгін, яғни 14 маусым 2017 жылы Парламент Мәжілісінде Аграрлық комитетінің жетекшілігімен жер мәселесіне қатысты заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы қызу талқыланды.

Жиын барысында нақты заң нормасынан да қазіргі жер мәселесі бойынша орын алған мәселелер мен қордаланған сұрақтар төңірегінде депутаттармен дауластық.

Кейде қызу қандылыққа салынған сәттеріміз де болды. Себебі, жер мәселесін эмоциясыз талқылау мүмкін де емес.

Қысқасы, бүгін Мұхтар Тайжанның ұсыныстарын талқылаумен жиын аяқталды.

Біздің ұсыныстарымыз жұмыс тобының келесі жиналысында қаралатын сияқты.

Қазірше біз ұсынған жоба 13 пункттен тұрады. Оның ішінде ауылшаруашылық жерлерінің шетелдіктерге сатпау, жалға бермеу мәселесі де бар.

Мақсат Ілиясұлы

Abai.kz

5 пікір