Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Анық 5013 1 пікір 14 Маусым, 2017 сағат 11:11

ІІД: Алматылық экс-полицей қылмыстық топ құрған

Алматының Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы мен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды. Бұл туралы қалалық соттағылар Tengrinews.kz редакциясының ресми хатына берген жауабында мәлімдеді.

Барлығы 17 адам қамауға алынған. Олар ұйымдасқан қылмыстық ұйым құрды және оған басшылық етті, оған қатысты, қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алды, өткізді, сатты, сақтады, тасымалдады немесе алып жүрді деген айып тағылып отыр.

"2017 жылдың 30 мамырында сотқа дейінгі тергеу органдары мына тұлғаларды ұстады: Д. Байгабатов, А. Яхьяров, Б. Касабеков, Т. Кенебаев, Ш. Худавадиев, Ч. Жархабеков, С. Джалелов, Б. Байсалбаев, И. Кабирова, Б. Арунова, М. Зайнаудина, И. Әбдрахманова, Р. Рамазан, Д. Шайдулла, Т. Ерланова, Т. Сүлейменова. 2017 жылдың 1 маувсымында А.Казаневский ұсталды", - делінген жауапта.

Әуезов аудандық ІІБ бұрынғы басшысы Бахыт Қасабеков ұйымдасқан қылмыстық топты құрды, сондай-ақ, өзінің қызметтік бабын қолдана отырып, сол топта болды деп айыпталып отыр.

"Казаневский қару-жарақтарды заңсыз иелену және сақтау баптары бойынша айыпталып отыр. Олардың барлығы екі айға қамауға алынды", - деді Алматы қалалық сотындағылар.

Еске сала кетейік, маусым айының басында  ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізіп, "Әділ Қытай" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталған болатын.

"Арнайы жасақтардың қатысуымен бір мезетте Алматының әр түрлі жерінде А.Зайнаудиннің ұйымдасқан қылмыстық тобының ("Әділ Қытай" лақап атымен танылған) басшысы мен мүшелері және Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы басшысы полиция полковнигі Қасабеков ұсталды, ұсталғандардың саны - 16", - делінген еді ҚР ҰҚК ресми жауабында.

Abai.kz

1 пікір