Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Аласапыран 8651 9 пікір 13 Маусым, 2017 сағат 08:45

Путин Қазақстанға келсе, Ресей халқы алаңға шығады...

Ресейлік оппозицияның көшін бастап тұрған Алексей Навальный жақсастары 12 маусым күні тағы да бірнеше қалада митинг ұйымдастырды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Путин Қазақстанға қонаққа келсе, Ресей халқы "митингілететінді" шығарды. Өткен жолы Путин Астанада болғанда бүкіл Мәскеу дүрлігіп, Навальныйдың артына еріп, алаңға шығып кетіп еді. Бұл жолы ел президенті ЭКСПО-дан оралар-оралмастан Ресей дүрлігіп жатыр.

Мәскеу. Тверск көшесі.

12 маусым күні болған митингте Марк Гальперин ұсталды.

Митинг белсенділері қамалып жатыр.

Омбылықтар да жемқорлыққа қарсы.

Екатеринбургтағы Ройзман бастаған қарсылық.

Владивостоктағы митингіде Мальцев Гальперин ұсталды.

Ресей басшылығы жастардың саяси наразылығын қалай бәсеңдетудің амалын іздеп, оларға көше шерулеріне қатысудың қаупі туралы дәріс оқып, видео көрсетіп әлек болып жатыр.

Мұның соңы не болары әзірге белгісіз.

Шәріпхан Қайсар

Абай-ақпарат

9 пікір