Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2766 0 пікір 2 Қараша, 2010 сағат 07:48

Павлодар облысында Data-орталық салынуы мүмкін – Мәсімов

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Павлодар облысында ірі Data-орталық (InternetDataCentre-IDC) салынуы мүмкін, онда мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың ақпараты сақталады, деп мәлім етті премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша,мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға, жүйе құраушы басқа да қазақстандық компанияларға және жақын елдердің компанияларына қызмет көрсете алатын IDCқұрылысы жоспарланған.

Сонымен бірге, премьер-министр қажет жер ресурстары мен электр қуаты бар Павлодар облысы мұндай құрылыс үшін ең тиімді орын болады деген пайым айтты.

«Жаңа буын компьютерлерінде қатқыл дискілер болмайды. Қатқыл дискілер болмаса, ақпаратты сақтайтын орын керек. Ол ІТ-мамандар «бұлт» деп атайтын Data-орталықтарда сақталуға тиіс», - деді К.Мәсімов.

«(Бұл мәселені - ҚазТАГ) тезірек қарап, бәсекеге қабілетті осындай «бұлт» салу керек», - деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, Қазақстанда Астанадағы шағын Data-орталық бар, бірақ ол шектеулі түрде пайдалануға ғана жарамды.

«Ең бастысы – ақпарат, сондықтан ол республика аумағында орналастырылуға тиіс. Бұл мемлекеттік органдарға да, ұлттық компанияларға да, біздің ірі инвесторларға да қатысты», - деп атап өтті К. Мәсімов.

0 пікір