Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4250 1 пікір 7 Маусым, 2017 сағат 15:42

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы: жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай 2017 жылдың  16 маусымында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Конкурстың ережесіне сәйкес, 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы
5 маусым аралығында журналистердің ел аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін көтеру және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы мақалалары, эфирге шыққан хабар мен бағдарламалары «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша бағаланаған.

Конкурсқа келіп түскен материалдарды елімізге белгілі қаламгер, журналистерден құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаздарды анықтайды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы журналистер тарапынан 100-ден аса материал ұсынылыпты.

Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, конкурстың жүлдегерлері және т.б. қатысады. Салтанатты шарада эстрада жұлдыздары мен дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді.

Конкурстың қортындысы Астана қаласынадғы Сығанақ көшесі, 27, «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақүйі,нің «Silk Way» (Жібек жолы) залында өтеді.

Абай-ақпарат

1 пікір