Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6833 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 17:37

Б.Құрманбеков. Талантты тарихшы, ғұлама ғалым

Әбу Сақтағанұлы Тәкенов 1930 жылы 20 ақ­панда Ақтөбе облысының Темір қаласында дүниеге келді. Ол Қазақ мемлекет­тік университетінің та­рих фа­куль­тетін үздік дипломмен бітірген соң Ақтө­бе облысы, Қобда ауданына жолдамамен жұмысқа жі­берілді. Осы ауданның орталығы Новоалексеевка се­лосында орта мектепке мұғалім, оқу ісінің мең­герушісі, директор болып 5 жыл жемісті қызмет атқарды.

Әбу Сақтағанұлы педагогтық қызметпен қатар ғы­лыми жұмыстармен айналысып, Қобда ауданының тарихына байланысты көптеген материалдар жинап, осы деректер негізінде аудан оқытушыларының тамыз мәслихаттарында өте қызықты ғылыми ба­яндамалар жасады, аудандық газетке мақалалар жа­риялады.

Осы кезде аудан территориясында орналасқан «Абат Байтақ» кесенесі, Исатай, Қобыланды батыр жер­­ленген жерлер туралы республика жұртшылығы­ның на­зарын аударған іс-шаралар ұйымдастырды. Сол кездің өзінде-ақ Әбу Сақтағанұлы Ақтөбе облысының тарихымен тығыз байланысты Әліби Жангелдиннің Маң­ғыстау арқылы Шығыс майданға қару-жарақ әкел­ген экспедициясы туралы, азамат соғысының ше­шу­ші кезеңіне айналған Ақтөбе майданының ақ гвар­дияшылармен шайқасы туралы тың деректер жина­ды.

Әбу Сақтағанұлы Тәкенов 1930 жылы 20 ақ­панда Ақтөбе облысының Темір қаласында дүниеге келді. Ол Қазақ мемлекет­тік университетінің та­рих фа­куль­тетін үздік дипломмен бітірген соң Ақтө­бе облысы, Қобда ауданына жолдамамен жұмысқа жі­берілді. Осы ауданның орталығы Новоалексеевка се­лосында орта мектепке мұғалім, оқу ісінің мең­герушісі, директор болып 5 жыл жемісті қызмет атқарды.

Әбу Сақтағанұлы педагогтық қызметпен қатар ғы­лыми жұмыстармен айналысып, Қобда ауданының тарихына байланысты көптеген материалдар жинап, осы деректер негізінде аудан оқытушыларының тамыз мәслихаттарында өте қызықты ғылыми ба­яндамалар жасады, аудандық газетке мақалалар жа­риялады.

Осы кезде аудан территориясында орналасқан «Абат Байтақ» кесенесі, Исатай, Қобыланды батыр жер­­ленген жерлер туралы республика жұртшылығы­ның на­зарын аударған іс-шаралар ұйымдастырды. Сол кездің өзінде-ақ Әбу Сақтағанұлы Ақтөбе облысының тарихымен тығыз байланысты Әліби Жангелдиннің Маң­ғыстау арқылы Шығыс майданға қару-жарақ әкел­ген экспедициясы туралы, азамат соғысының ше­шу­ші кезеңіне айналған Ақтөбе майданының ақ гвар­дияшылармен шайқасы туралы тың деректер жина­ды.

Қысқа мерзімнің ішінде Ә.Тәкенов Қобда ауда­нының еңбекшілерінің үлкен құрметіне бөленеді. Сон­дықтан аудан орталығының тұрғындары оны Ново­алексей селолық Кеңесінің депутаттығына сайлады. Әбу Сақтағанұлының жемісті еңбегі үкімет тарапынан «Тың және тыңайған жерлерді игергені» үшін медалімен бағаланды.

Педагогикалық салада аз уақытта үлкен жетіс­тік­терге жеткен Әбу Сақтағанұлына аудандық пар­тия комитеті тарапынан лауазымды қызметтер ұсыныл­ғанына қарамастан, ол әке-шешесі, өмірлік жары Сара және үш баласымен алда тұрған тұрмыстық қиын­шылықтарды біле тұра, ғылым жолына түсу үшін Алматыға көшті. Аспирантурада оқыған кезде Әбу Сақ­та­ғанұлына ғылыми жетекші болып, қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшысы Ермұқан Бекмаханов бекітілді.

Ғұлама ғалым мен алғыр шәкірттің ғылыми одағы тез арада-ақ өзінің жемісін берді. Сөйтіп Әбу Сақтаған­ұлы 1964 жылы 16 наурызда «Еңбекшілердің 1918 - 1919 жж. Ақтөбе майданында ақ гвардияшылармен күресі» деген тақырыпта кандидаттық диссерта­ция­сын табысты қорғап шықты.

Бұл кезде Қазақстан тарихы бойынша ғылым кан­дидаттары өте аз болатын. Әбу Сақтағанұлы осы аз шоғырдың арасында Е.Бекмахановтың түлегі ретінде университетте ұстаздық қызметпен тұрақты айналыса бастады. Осы кезден Ә.Тәкеновтің ғылымдағы қи­ындық пен қызыққа толы өмір жолы басталды.

Ғалымның ғылыми ізденісінің нәтижесінде зерт­теу обьектілерінің ауқымы кеңейді. Қазақстан тари­хында бұрын зерттелмеген тың тақырыптар: қазақ халқының интернационалистік байланыстары, тарихи деректеме, аймақтық тарих мәселелерінің көп қабатты күрделі проблемалары ғалымның терең ғылыми жұ­мыстарының өзегіне айналды.

Ерекше атап өтетін нәрсе, Ә.Тәкенов сол тұстағы көпшілік тарихшы ғалымдар сияқты тарих ғылымын саясаттандырып, коньюктуралық уақытша маңызды тақырыптарды қаузап, ұсақталуға бой ұрмады.

Әбу Сақтағанұлының осы қасиеті туралы академик Манаш Қозыбаев: «Біздің тарих деген ғылымымыз жатқан мұхит. Оған көптеген жылғалар, өзендер ке­ліп құяды. Мұнсыз мұхит болмайды. Әбудің тарих ғы­лымының деректеме саласына көңілі түсті. Осы са­лада қыруар жұмыс істеді», - деп атап көрсеткен бо­латын.

Әбу Сақтағанұлы қазақ халқына қиын кезде қол ұшын берген интернационалистер туралы көптеген материалдар жинап, олар туралы ғылыми жинақтар мен журналдарға көптеген мақалалар жариялады, кітаптар жазды. Сол интернационалистердің бірі В.И.Шпрайцердің ұлы В.В.Шпрай­цер 1987 жылы Әбу Тәкенов ұйымдастырған «Әліби Жангелдиннің Қызыл керуен ізімен» деп аталатын та­рихи ғылыми зерттеу экспедициясының құрамында біз­бен бірге болды. Ол өзін «Қаракесек Володямын» дей­тін және Әбу ағаны кәсіби тарихшылығы мен жо­ға­ры интеллект иесі, азамат ретінде құрметтейтін. Әбу Сақтағанұлына интер­на­ционалистер Мате Залка, Маречек, Шпрайцер ұр­пақтары бас иіп тағзым етеді.

Кеңес үкіметі Ұлы Октябрь революциясының та­рихына ерекше көңіл бөлген балатын. Осыған бай­ланысты «Иностранная военная интервенция и граж­­данская война в Средней Азии и Казахстане» деп аталатын құжаттар мен материалдар жинағы дайын­далып, Ә.Тәкеновке «Ақтөбе майданы» де­ген тарауды дайындау тапсырылды. Ғалым осы та­рауды Мәскеу, Ленинград, Орынбор, Алматы қала­ларындағы мұрағат пен мұражайлардан жеке өзі жинаған деректер негізінде жазып, ғылыми ортаға жаңа қырымен танылды, тарихты сүйіп оқитын оқырмандар Ә.Тәкеновтің ғылыми қуатын, шығармашылық жаңа­шыл ізденісін өте жоғары бағалады. Бұл 33 жасар ғалымның тамаша ғылыми табысы еді.

Ә.Тәкенов докторлық диссертациясын өте тың­­ғылықты даярлады. Кезекті ғылыми дәреже алғанға дейін диссертациялық жұмысының маз­мұ­нын ашып, ғылыми жаңалықтарын көпшілікке та­ныс­­тыру мақсатында Әбу Сақтағанұлы зерттеуші И.Д.Очагпен бірге 1974 жылы «Интернациональный отряд (к истории экспедиции А.Джангильдина)», «Интернационалистер Октябрь жеңістерін қорғау­да» (Алматы 1977 ж.), К.Нұржаубаевпен бірге «Отряд А.Джангельдина в Мангышлаке» (Щевченко 1980) де­ген кітаптар жазды. Бұл кітаптар кезінде ғылыми жұртшылықтан өте жоғары баға алған болатын. Онда Ә.Тәкенов Қазақстанның Ұлы Октябрь революциясы кезіндегі тарихымен бірге аймақтық тарихын бұрын көпшілікке белгісіз мұрағат құжаттарының негізінде жа­зып, жаңа деректерді ғылыми айналымға қосудың үлгісін көрсетті. Осы кітаптардағы ғылыми жаңалықтар кейінірек Қазақстан тарихы кітаптарына енгізіліп, оқырман қауымның игілігіне айналды.

Ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің қорытындысы ретінде Ә.Тәкеновтің «Узы интернациональной друж­бы (интернациональные связи трудящихся Казах­стана и зарубежных стран в 1917 - 1937 гг.) деген кітабы 1980 жылы Алматыда «Кітап» баспасынан жарық көрді. Осы еңбектері арқылы Ә.Тәкенов елге танылды, жұртшылықтың құрметіне бөленді.

1980 жылы Әбу Тәкенов Қазақстандағы аза­мат соғысының тарихына байланысты деректі, таным­дық сипаттағы мақалалар жариялағаны үшін, рес­пуб­­ликалық ғылыми-көпшілік «Білім және еңбек» жур­налының лауреаты атанды.

1984 жылы университеттегі ғылыми-педагоги­ка­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­лық қызметі үшін Әбу Тәкенов «Қазақ ССР халық ағар­­ту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

Көп жыл бойы тынбастан жүргізген шығармашы­­­­­­­­лық еңбегінің арқасында Ә.Тәкенов 1988 жылы «Қа­­зақ­­стан еңбекшілерінің (1917 - 1937 жж.) социа­лизм құ­ры­лысы кезеңіндегі интерноционалдық бай­ланыста­ры­ның қалыптасуы мен дамуы» деген тақы­рыпқа та­рих ғылымдарының докторы ғылыми дәре­жесін алу үшін жазған диссертациясын сәтті қор­ғады.

Елімізде қайта құру процесі жүзеге асырылып, Қазақстан тәуелсіздік алған шақта қазақ халқының тарихын жаңа көзқарас негізінде жазу мүмкіншілігі пайда болды. Осы мүмкіншілікті Әбу Сақтағанұлы елі­мізде тарих ғылымын дамыту бағытында тиімді пай­далана білді. Сөйтіп оның бастамасымен тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа көзқараспен бағалау тұр­ғысында көптеген келелі іс шаралар жүзеге асы­рыла бастады.

Ә.Тәкенов Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс та­рихының мәселелерін бұрынғы коммунистік партия идеологиясы емес, қазақ халқының ұлттық мүд­десі тұрғысынан қайта жазу қажеттігін өзінің проб­лемалық мақалалары мен телесұхбаттарында негіз­деді. Ол қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көте­рілісін жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдау үшін 1986, 1991 және 1996 жылдары өткізілген халық­аралық ғылыми-теориялық конференцияларды ұйым­дастырушылардың алдыңғы тобында болды.

Мен Ә.Тәкеновтің ұсынысымен «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс тарихының мәселелері (Батыс Қазақстан материалдары негізінде)» деген тақырыпқа профессор Ж.Қасымбаевтың жетек­шілігімен кандидаттық диссертация қорғадым. Сол си­яқты Еркін Ермаханов «Дала облыстарындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихының мә­селелері» деген кандидаттық диссертация қорғады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқытудың ең өзек­ті мәселесі - деректану ісінің әлі де жолға қойыл­ма­ған­дығы. Ә.Тәкенов осы мәселені шешу бағытын­да көп еңбек атқарды. Ол өзі оқыған қазақ мемлекеттік универ­ситетінің тарих және этнология факультетінде ал­дымен мұрағат қызметкерлерін дайындайтын қазақ бө­лі­мін, ал 1991 жылы «Деректану және архивтану» ка­фе­драсын аштырып, осы кафедраны өзі басқарды. Осы бө­­лімді бітірген 50-ден астам студент Қазақстанның әр­түр­лі облыстарында білікті маман ретінде қызмет ету­де.

Ә.Тәкеновтің деректану мәселелеріне арналған ғылыми ой-пікірлері әл-Фараби атындағы Қазақ мем­лекеттік университетінде жарық көрген «Ғылым көк­жиегі» деген жинаққа енгізілді.

Сол сияқты Ә.Тәкенов дайындаған Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша 20 баспа табақтан тұра­тын құжаттар мен материалдар жинағы (профессор Қ.Қаражановпен бірге) 1998 жылы «Санат» баспасынан жарық көрді. Сонымен қатар Ә.Тәкенов аспиранттар­ға «Қазақ мемуары - тарихи дерек ретінде», «Қызыл Қазақстан журналы - тарихи дерек ретінде» деген дис­сертация тақырыптарын беріп, жетекшілік жасаған бо­латын. Сөйтіп ол қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның тари­хи деректану ғылымының негізін салған ғалымға ай­нал­­­ды.

Еліміз тәуелсіздік алған шақта Ә.Тәкенов Кеңес өкіметі қайта басып шығаруға, студенттерге жоғарғы оқу орындарында оқытуға тыйым сал­ған қазақ тарихшыларының еңбектерін оқушы қа­уымымен қауыштыруға орасан зор еңбек сі­ңір­ді. Кітапханалардан алынып тасталып, өртелген М.Шоқай, Е.Бекмаханов, С.Асфендияров, Т.Шона­нов және С.Қожановтың еңбектері Ә.Тәкеновтің ре­дакциясымен және алғысөздерімен бірінен соң бі­рі тәуелсіздіктің көктемінде тәуелсіз елдің тарихи са­на­сының алғашқы қарлығаштарындай болып қазақ оқыр­мандарымен қауышты. Сөйтіп ел тарихын шы­найы сүйетін қауым, көп жылдардан соң, нағыз та­рих­шылардың ғылыми тұрғыдан жазған тарихи ең­бек­­терімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл Әбу Сақ­­тағанұлының ұстаздар алдындағы өз парызын орын­дауы және азаматтық ерлігі еді.

Ә.Тәкенов жоғарыда айтылған тарихи тұл­ғалар еңбектерінің деректанымдық сипаты мен та­рихи құндылықтарын насихаттайтын бірнеше ғылыми мақалалар да жариялады. Осы жылдары Әбекең қаламынан туған «Санджар Джафарович Ас­фен­дияров и его история ...», «Инженер и историк М.Ты­нышпаев», «Елуінші жылдардың басында қазақ тарихы қалай қыспаққа алынды?», «Ғасыр сынынан өткен ғалым (Е.Бекмаханов)», «Телжаннан қалған телегей мұра», «Сұлтанбек Қожановтың қасіреті» деген мақалалар республикалық ғылыми жинақтар мен журналдарға және газеттерде жарық көріп, қалың оқырман қауым Әбу Тәкеновті жаңа қырынан таныды.

Осы жылдары Ә.Тәкенов Кеңес үкіметі мен ко­мунистік партия аттарын атауға тыйым салып, кі­тап­тарын өртеп жіберген Мұстафа Шоқай, Зәки Валиди, Баймырза Хайт есімдерін және олардың еңбектерін Қазақ халқымен қайта қауыштырды.

1993 жылы Ә.Тәкеновтің алғысөзімен Мұстафа Шоқайдың «Туркестан под властью Советов» деген кітабы қайта басылып шығарылды. Ғалым Мұстафа Шоқайдың ғылыми мұраларын халық арасында кеңінен насихаттап, оның қызметіне компартияның берген теріс бағасын жоққа шығарып, «Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары», «Түркістан легионы және Мұстафа Шоқай туралы не білеміз?», «Мұстафа Шо­­қайдың соңғы жазбалары» деген мақалалар жазды. Ә.Тәкеновтің арқасында Мұстафа Шоқай мен оның әйелі Мария Шоқайдың естеліктері «Биография Мус­тафы Чокаева» деген атпен (10 баспа табақ көлемінде) жарық көрді. Сөйтіп Ә.Тәкенов қазақстандық Шо­қай­тану ғылымының негізін салушылардың бірі болды.

Кеңес үкіметінің тұсында халықтың жадынан өшірілген түрік халықтарының рухани көсемі болған Зәки Валиди, Баймырза Хайт туралы терең ғылыми зерт­теу жүргізген ғалым Әбу Тәкенов болғаны еш­қан­дай талассыз ақиқат. Бұл тарихи тұлғалар туралы Әбу Тәкеновтің «Зәки Валиди кім болған?, «Баймырза Хайт Алаш қозғалысы хақында» деген мақалалары та­рихшылар үшін де, былайғы оқырман қауымға да та­нымдық тұрғыдан көп мәліметтер беретін өте құнды еңбектер болып табылады.

Әбу Тәкенов жан-жақты тарихшы. Оның осы қасиеті Қазақ Совет энциклопедиясына арнап жазған ма­териалдардан да сезілетін. Ол осы энциклопедия үшін тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы 100-ден ас­там мақала жазды.

Әбекең еліміздің ғылыми педагогикалық өмір саласында өте белсенді қызмет атқарды. Ол Қазақстан өлкетанушылар қоғамының төрағасы болып көп жылдай бойы жемісті еңбек еткен болатын. Сонымен қатар 1989 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ашылған «От­­ан тарихы» диссертациялық Кеңесінің мүшесі, әл-Фара­­би атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің арнау­лы ғалымдар Кеңесінің төрағасы, «Қазақ тарихы» жур­налының ақылдастар алқасының мүшесі болып, пе­дагог-ғалым ретінде көп жылдар бойы абырой би­і­гінен көріне білді.

Әбу Сақтағанұлы жаны жайсаң, ақын жанды еді. Әбекеңнің осы қасиеттері туралы профессор Кеңес Нұрпейісов: «Әбу Сақтағанұлы туған халқының көп салалы мәдениетін, әсіресе оның ауыз әдебиетін жетік білетін және сүйетін. Ол көңілі түскенде өзі дүниеге келіп, азамат болып қалыптасқан, еліміздің батыс өңірінің ақын-жыраулары мұрасының інжу-маржандарын жатқа айтып, әнші-күйшілердің өмір­лерінен көпшілік біле бермейтін жәйттер жөнінде қызық әңгімелер шертуші еді.

Әбекең өзі де өлең шығаратын. Ол өлеңді жазып та, реті келгенде суырып салып та (импровизация) айта беретін. Ол қайтыс болардан бір-екі ай бұрын Тәкеновтер әулеті жөнінде өзі жазған шежіре-тол­ғауды маған оқып берген еді. Әбекеңнің той-тома­лақта, дастархан басында немесе бірге жолаушылап сапар шеккен кездерде дос-жарандарына арнап әзіл өлеңдерді аяқ астынан шығарғанына сан рет куәгер болдым», - деп жазған болатын.

Ақынжанды Әбу Сақтағанұлының халықтың алдында, тарих ғылымының алдында ары таза еді. Оның кіршіксіз таза жан екендігі туралы курстас досы, ғылымдағы үзеңгілес жолдасы, академик Ма­наш Қозыбаев былайша тебіренген еді: «Әбудің көп жақсы қасиеттері бар еді. Ол біріншіден, өте қарапайым бо­латын. Одан ауылдың исі аңқып тұратын. Шәкіртке дегенде адал еді. Бар өнерін, білімін жеткізуге құш­тар болатын. Бұл жағынан алғанда, ол шын мәнінде ұс­таз-педагог еді. Әбу ел арасынан шыққан еді. Мен оны көргенде, елім есіме түсетін. Ауылдың қаршадай ба­ласы, соғыстан кейінгі ауыр жылдары оқып білім алып, ғылым докторы, профессор болуы шын мәнінде ел­ге де, халыққа да үлгі болар іс. Әбу өмірі - өнегелі өмір. Оның Отан алдында, халық алдында, Қазақ мем­лекеттік университеті алдында ары таза».

Әбу Тәкенов «Ақтөбе» энциклопедиясын шығару туралы идеяның авторы және осы энциклопедияның тұңғыш ғылыми бас редакторы болды.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді халқымыз. Осы тұрғыдан алғанда Әбу Тәкенов нағыз ұстаз-ғалым еді. Оның шәкірттері Қазақстанның барлық аймағында же­місті қызмет етуде. Тек ғана Ақтөбе өңірінен шық­қан тарихшылар Г.Нұрғалымова, М.Тәжібаев, Ұ.Ысма­­ғұлов, Е.Медеубаев Әбу Тәкеновті өздерінің руха­ни ұстазы ретінде санайды, оның есімін әрқашан ілтипат­пен еске алып отырады.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы жоғарғы оқу орындарында қызмет істейтін тарихшы ғалымдар: Г.Із­басарова, Қ.Сәрсембина, Г.Көбенова, Б.Әбенова жә­не Д.Әбеновтер студент-шәкірт ретінде Әбу Тәкенов­­­тен тәлім-тәрбие алғандарын әркез мақтанышпен ай­та­ды.

Әбу Сақтағанұлы Тәкенов талантты тарихшы, ғұ­лама ғалым ретінде елдің есінде қалды. Оның есімі Қа­зақ Совет энциклопедиясына, Ақтөбе энциклопедиясы­на енгізілді, Темір қаласында Әбу Тәкенов атындағы кө­ше бар. Ең бастысы Әбу Сақтағанұлының ғылыми ең­бектері ел игілігіне айналды. Осы тұрғыдан алғанда «Ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығы шынымен жүзеге асты деп толығымен айта аламыз.

 

«Қазақ тарихы» журналынан

 

0 пікір