Жұма, 29 Наурыз 2024
3825 0 пікір 7 Маусым, 2017 сағат 14:38

Өзбек зейнеткері велосипедпен Меккеге аттанды

Өзбекстанның Наманған облысы Чартак ауданының зейнеткері Хусан Ходжибаев велосипедпен Сауд Арабияға қажылыққа аттанды. Қазіргі кезде ол Бұхара облысында жолда кетіп барады.

75 жастағы Хусан Ходжибаев велосипедпен 2 маусымда жолға шыққан. Ол 7 маусым кешкісін немесе 8 маусым таңертең Түркіменстанға жетуге ниетті.

Зейнеткер Ходжибаев Түркіменстан және Иран арқылы өту визасын алмаған. Бірақ, оның сөздерінше, Өзбекстанның визасы бар, ол осымен өзге елдердің шекарасынан өте алады.

2016 жылдың қыркүйегінде Хусан Ходжибаев велосипедпен Самарқанға, елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің басына барған. Зейнеткер ол кезде Каримовтің басына құран оқу үшін 500 шақырым жол жүрген. Facebook қолданушылары сол кезде оның сапарын «кіші қажылыққа» теңеген.

Ислам діні бойынша Меккеге қажылыққа бару - мұсылман баласының бес парызының бірі болып саналады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3582