Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Экономика 4080 0 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 11:12

«Бір белдеу, бір жол»: "Самұрық Қазына" Қытай даму банкімен бірлескен жобаларды талқылады

Қытай астанасы Бейжиңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қазақстандық делегацияны президент Н.Назарбаев бастап барғаны мәлім.

Форум аясында екі ел арасындағы түрлі саладағы көптеген келісімдер жайы сөз болды.

Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы, сондай-ақ Қазақстан тарапынан Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің (ҚҚІК) тең төрағасы қызметін атқарушы Өмірзақ Шөкеев  бірқатар кездесулер өткізді. 

«Самұрық-Қазына» Қорының басшысы ҚҚІК қытайлық тарапынан тең төрағасы, әрі «CITIC Group» директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Чжэньминмен кездесіп, жаңа жобалар шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ жақында Астанада өткізілуі жоспарланған Іскерлік Кеңесінің төртінші отырысының күн тәртібін талқылады.

Сонымен қатар, Ө.Шөкеев Қытай Мемлекеттік Даму Банкі (ҚМДБ) төрағасы Ху Хуайбанмен кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағыттары бойынша мәселелерді талқылады.

Бүгінгі күні Қор тобы ҚМДБ қатысуымен қаржыландыру ауқымы 2 млрд доллардан астатын химия өнеркәсібі саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.

Естеріңізге сала кетейік, «Масальский тау-кен байыту комбинаты» ЖШС өкілдері 2017 жылдың 14 мамырында China National Technical Import and Export Corporation (CNTIC) Қытай корпорациясы және қытайлық ЭКСИМ-банкпен Ақмола облысындағы Масальский темір рудасы кеніші негізінде тау-кен металлургиялық кешені құрылысын салуды көздейтін келісімге қол қойған еді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531