Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3966 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 10:53

Мал шаруашылығы – маңызды майдан

Республикадағы асыл тұқымды мал шаруашылықтары арасында қазақтың ақ бас сиыры және ірі қараның герофорд тұқымы, етті-майлы еділбай тұқымы, ақжайықтық етті-жүнді қой тұқымы, өнімділік бағыттағы көшім жылқысы, қазақтың айыр түйе тұқымы өсірілетін біздің облысымыз алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі болып саналады.

Сүтті мал шаруашылығы бойынша облыста ірі қарадан қара шұбар, гольштиндік қызыл шұбар, қызыл далалық және симменталды тұқымының үлесі басымырақ. Асыл тұқымды сүтті малдар облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендердегі ЖШС мен шаруа қожалықтарында өсіріледі.

Етті мал шаруашылығында негізінен қазақтың ақбас және герофорд тұқымдары өсіріліп жатыр. Нақтылай түссек, ірі қара малдың 70 пайызға жуығы қазақтың ақбас тұқымына жатады, ал герофордтық тұқым ет өнімділігін арттыру мақсатында малдарды будандастыру үшін қолданылады.

Жылқы үйірінің өнімділігін көшімнің асыл тұқымдары ұсынады, ал асыл тұқымды түйелерді қазақтың айыр тұқымы құрайды.

Тұқым алуды жүзеге асырудағы ғылыми жұмыстармен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің ғалымдары айналысады.

Облыстың әр түрлі табиғи-экономикалық аймақтарында биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қылшық жүнді қойлар өсіріледі. Нарықтық жағдайда шығарылатын қой тұқымдарына қойылатын талаптар өзгерді. Сондықтан оның екі бағыты мықтап қолға алынған.

Бірінші бағыт - оңтүстік және орталық аудан аймақтары үшін, әсіресе, алыс аймақтарда орналасқан, жемшөп базасы табиғи жайылым мен шабындық негізін қолдану арқылы етті-майлы қой шаруашылығын дамыту болып табылады. Екінші бағыт - облыстың солтүстік аудандары үшін жемшөп базасы бидай, жүгері және басқа да азықтарды өндірумен байланысты биязы жүнді және жартылай биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту қарастырылған.

Республика бойынша еділбай қойы Жаңақала ауданындағы «Бірлік» ЖШС-да жинақталған. Бұл тұқымның шаруашылық белгілеріне құрғақ, шөл далалы аймақтарға деген тұрақты бейімділігі, тірілей салмағы, сойым сапасы, жас төлдердің тез өсетіндігі жатады.

Тұқым құндылығы тірілей салмағы төрт айлық жаста 40-45 келіге жететін ең арзан қозықұмай шығару. Етінің сапасы шетел мамандарының жоғары бағасына ие болған.

Бізде биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту Волгоград облысындағы «Ромашков» асылдандыру зауытынан шығарылған волгоградтық тұқымды пайдаланудан басталады. Волгоград тұқымын дамытумен «Жаңа тұрмыс» асылдандыру шаруашылығы айналысып келеді.

Жартылай биязы жүнді бағыт бойынша ақжайықтық етті-жүнді тұқымына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тұқым (1968-1996 ж.) Батыс Қазақстан облысының бұрынғы «40 лет Казахстана» (қазіргі «Ізденіс» ЖШС), Шежін, Крупская, Қалдығайты, «Родник новый», Амангелді, Степной, Шипов, Алғабас, т.б. шаруашылықтарында шығарылды.

2006 жылдан бастап облыстық әкімшіліктің облыстық ауылшаруашылығы басқармаларының, Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің қолдауымен жартылай биязы жүнді қой шаруашылығын сақтау мен оны дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілгенін айта кеткен жөн.

2006 жылы ақжайықтық етті-жүнді қойларды жеке секторлардан бір-бірлеп жинағанымыз әлі есімізде. Бұл тұқымды көбейту облыс бойынша Тасқала ауданындағы «Ізденіс» ЖШС асылдандыру шаруашылығында ғана мықтап қолға алынған.

Тұқымды мал басын көбейту үшін асылдандыру шаруашылықтарын да көбейту қажет.Осы тапсырманы шешу әрі мал басын көбейту мақсатында университет ақжайықтық етті-жүнді қойларды өз иелігіне алды. Бұл жұмыста облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов университетке қолдау көрсете отырып, Тасқала ауданы аймағынан ақжайықтық етті-жүнді қойларды өсіру үшін 1000 га жер бөліп берді. Бүгінде университет меншігінде 2396 қой, соның ішінде 1252 саулық бар.

2006 жылдан бастап қой басын көбейту үшін университетте нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Ең алдымен университетте оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылды. Қойларды қолдан ұрықтандыру пункті қалпына келтірілді.

Шабындықта жемшөп дайындау бригадасы құрылып, 2009 жылға қажетті мөлшерде жемшөп дайындалды. Уақытында және қажетті мөлшерде дайындалған жемшөп малдың 2009-2010 жылдың боранды-аязды қысынан аман-есен шығуына мүмкіндік берді.

Университет ғалымдары Астана қаласында өткен «Қараөткел - 2008» жәрмеңкесіне асыл тұқымды ақжайықтық етті-жүнді қойларды арнайы алып барды. Университеттің оқу-ғылыми-өндірістік кешені ҚР АШМ сарапшыларының бағалауы бойынша жартылай биязы жүнді ақжайық етті-жүнді қойларды өсіру көрсеткіші жөнінен І дәрежелі Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал 2009 жылы 13 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданында «Белесте» өткен халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне университет ұжымы жартылай биязы жүнді ақжайықтық етті-жүнді қойларын ұсынды. Көрмеге ұсынылған малдарды ел Президенті Н.Ә.Назарбаев жоғары бағалап, бұл саланың әрі қарай дамуына сәттілік тіледі.

Облыстың жергілікті жағдайына бейімдеп шығарған ауыл шаруашылығы малдарына баса көңіл бөлу қажет. Бұған қойдың ақжайықтық етті-жүнді, жартылай биязы жүнді тұқымы жатады. Келешектегі міндет - мал басын көбейту үшін асылдандыру шаруашылықтарының қатарын да көбейте беруіміз керек.

Балуаш Траисов

0 пікір