Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 5033 3 пікір 2 Маусым, 2017 сағат 10:32

Бразилияға оқуға жіберілген футболшылар қайда жүр?

Әр 3 жыл сайын отызға жуық жеткіншекті Бразилияға оқуға жіберетін едік қой. 2012 жылы бір топ жас футболшыларды Бразилияға шығарып салғандар қатарында мен де болдым.

Солардың ішіндегі бір қазақ баласынан сұхбаттасып, Бразилиядағы әлем чемпионаты кезінде біраз ақпарат алып отырғаным бар. Жақында ойламаған жерден сол футболшы телефон шалды. "Есіңізде ме, сіз менен сұхбат алып едіңіз ғой. Мен елге келдім. Бірақ футболды қойып, басқа салаға кетіп қалдым", - дейді.

Мен футболды тастап кеткеніне өкініш білдіріп, мүмкін басқа салада бағы жанатынын айтып үлгергенше ол тағы бір ақпаратпен бөлісті. "Қазір менімен Бразилияға барып келген балалардың үшеуі ғана доп теуіп жүр. Тіпті, біреуі "Мақтаарал" клубында. Қалғандары өз жолымен кетті. Ешкім премьер-лига клубтарында ойнаған жоқ, футболды тастап кеттік", - демесі бар ма...

Осы кезде оларды Бразилияда үш жыл оқыту үшін 312 млн теңгенің бөлінгені есіме түсіп, жылағым келіп кетті. Расында, сол Бразилияға барып келген балалардың аты ендігі естілетіндей болып еді ғой... Қайда бәрі?! Барлығы дерлік өз жөнімен кетсе, ақша желге ұшты десеңізші... Ал бұл ақшаның есебін кім береді?!

Ақырыс Сейітқазы

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір