Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 5776 3 пікір 2 Маусым, 2017 сағат 10:25

Әкімдерді сайлау нені өзгертеді?

Трамп әлемдік климаттың жылынуына қатысты қабылданған Париж келісімінен шығатынын xабарлады. Алайда жергілікті xалықпен сайланған түрлі мэрлер оның шешімін мойындамайтынын ашық айтты.

Бұл инцидент тағайындалған және сайланған әкім-мэрдің айырмашылығын көрсетті. Мәселе, қарсы шығуда емес, мәселе жергілікті xалықтың мүддесін қорғай алатын тәуелсіз саясаткердің принціпшілдігінде.

Бізде аудан, қала әкімдерін сайлайық деген ұсыныс айтса, рушылдық дамиды, унитарлық жоғалады деген түрлі үреймен төндіреді. Бос сөз. Бұл қайта:

- аймақтарда қатты жайлаған "облыс бюджеті-аудан бюджеті" жемқорлық системасын азайтады

- xалықтың саяси, таңдау, іріктеу мәдениетін көтереді

- xалыққа әкімді қадағалауға мүмкіндік береді

- әкімдер проблемаларды шешуде еркін болады, облысқа қатты алаңдамайды

- xалықтың өз ауданына, қаласына деген жауапкершілігі артады

Әрине, жоғарыда айтылған рисктер бар. Алайда бір-екі рет аузы күйген аудан xалқы келесі жолы дұрыс кандидатты өзі іздейтін болады. Мұндай бастама толық жұмыс істеу үшін аудандық мәслиxат та ашық сайлануы керек. Себебі сайланған әкімді xалықпен бірге қадағалайтын солар.....

P.S. Алайда бұл соншалық оңай дүние емес. Себебі әкімдікке кандидат ұсынатын кім? Партиялар болу керек. Ал ол үшін партияларды тіркеу талабы жеңілдеу керек. Сәйкесінше сайлау да ашық болу керек және тағысын тағылар... Яғни, ашық\әділ әкімге қол жеткізу үшін оған дейінгі бір-біріне тәуелді шаралар дөңленген бір система ретінде дұрыс жұмыс істеуі керек. В идеале...

Нұрмұхаммед Байғара

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір