Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
5761 2 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 15:00

Режеп Тайып Ердоған қазақ ғалымына марапат тапсырды

Түркі ұлыстарының YIII "2017 Turk Dili Yili" құрылтайы туралы Түркияның астанасы - Анкара қаласында 22-27 мамырда Түркі ұлыстарының YIII "2017 Turk Dili Yili" құрылтайы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – түбі бір түркі тілдерінің тарихы мен бүгінгі жайын, түркі ұлыстарына ортақ мұралардың тілдік ерекшеліктері мен тілдерді дамытудағы рөлін зерделеу болатын.

Құрылтайға 33 мемлекеттен 250 ғалым қатысып, түркі әдебиеті мен тілінің сан түрлі мәселелерін қамтитын баяндамалар жасалды, елдің өркендеуіндегі тілдің маңызы, болашақтағы тағдыры талқыланды. Қазіргі жаҺандану дәуірінде Түркі мәдениетінің терең тамыры мен тілінің дербестігін, тазалығын сақтап қалудың жолдары сөз болды.

Түркі ұлыстарының YIII "2017 Turk Dili Yili" құрылтайына Түркия елінің Президенті Редже́п Тайи́п Эрдоган келіп, құрылтайдың маңызы туралы айтты, болашақтағы істелетін істерге бағыт-бағдар берді. Сөзінің соңында түрік Президенті 10 ғалымға "Түркі тілінің дамуына үлес қосқан ғалым" халықаралық марапатын салтанатты түрде табыстады.

Бұл марапатты Түркия, Германия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан және Қырғызстан ғалымдары алды. Қазақстаннан осы марапатты филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Гүлбану Қосымова иемденді.

Бұл бәріміз үшін үлкен мақтаныш, жан толқытарлық сәт болды. Гүлбану Қосымованың түркология және тілдің тарихы, шешендік өнер саласындағы зерттеулері Қазақстаннан тыс елдерде, әсіресе Түркияда да белгілі болатын. Құрылтайға қатысушылар Анкарада өткен түркі ғалымдарының басқосуына және оны ұйымдастырған Халықаралық лингвистикалық қоғамға шексіз ризашылығын білдірді.

Кенан Коч

Филология ғылымдарының докторы,профессор, Қазақ тілінің шетелдегі зерттеушісі 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532