Жұма, 19 Сәуір 2024
Тылсым 8982 4 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 12:24

Ілім - ерекше ғылым

(Жалғасы. Басы мына сілтемеде: http://www.abai.kz/post/53627)

Осыны жеткізе отырып сөз соңында ілімгерлерге шақыртқы болу үшін осы кітаптан мына үзіндіні келтіре кетсем артық болмас, оларға ой салар деген ниет болып отыр.

«...Дін - адам баласын  Жаннатқа бастар жолға шақырар дүние білім деп үйретеді. Алдымен білім, ал білімнің атасы - ілім. Білім мен ілім екеуі екі дүние. Ілім көктен түседі және ерекше таңдалған адамдарға түседі. Олар ілімшілер аталады. Олар алған ілімдерін білімшілерге тарқатады.

Неге әңгімені Жаннаттан бастадық. Жаннат деген діннің жаңылдырмас темірқазығы.  Көктен Алла тағалам  адам баласын Жаннатқа жаратып, «Жаннатқа қайтып кел»- деп жібергенде «Мен саған артыңнан кітап беремін, сендерге пайғамбарлар жіберемін, сол жолды көрсетемін»- деп айтқан. Демек адам жерге дайын біліммен келді. Адам жерге ішкі ұғынумен келді.

Білімнің екі түрі бар; ол ішкі ұғым және сыртқы түсіндірілім деп аталады. Ішкі ұғыммен адам киініп түссе, екіншісі сыртпен келетін ілім. Ол - ұғындыру. Іштен біліп келдік бәріміз. Ойланып қарасақ осы жолды көрсететін сырттан да күштер бар екен. Осы ілімді алғанда, «білімнің ішінде не білім керек?»- деген сұрақ туады. Бұл білімнің ішінде сен алдымен адам екеніңді білуің керек. Ал адамның кім екенін біз білеміз. Ал адам қайтып өмір сүру керек деген сауалда, адам ең алдымен Алланың; «артыңнан кітап жіберемін саған, мен көмектесемін»- деген уәдесіне жүгінуі керек. Алладан басқа сен ешкімге жүгінбейсің. Әруаққа да, тасқа да, пірлерге де, басқаларға да, тек Алланың жолына ғана жүгінесің. Сол жолды көрсеткен пайғамбарлардың жолына ғана жүгінесің. Олардың көрсеткені дұрыс жол, сол жолдан таймас үшін олар тек қана дұрыс жол көрсеткен. Сондықтан  солардың ғана жолына жүгінуің керек. Сиырға, бұзауға, маймылға, пілге, емес, олар – шірік. Әруаққа табыну, тасқа табынуға болмайды. Бұлар жаратылған жаратылыс, оны да Алла жаратты ғой. Неге біз адаммен қатар Алла жаратқан дүниені Құдай дейміз? Неге біз Алланың жіберген сынағын «Алла жіберген Алланың баласы» дейміз? Ол адамдарға рух қылып жіберген дүние ғой. Неге Бір тал Құдай тұрғанда біз мың тал Құдайды қолдан жасап  жанымызға қоямыз. Қашанда Құдай жаратқан дүние өзінің тегінде қалады.

Түбінде адам өледі ғой. Сонда мәңгілік өлмейтін Құдай тұрғанда  неге адамдар кешірімді Құдайдан сұрамай, қасында жүрген піріне қол беріп содан сұрайды. Біздің алдымызда өткен пайғамбарларымыз бар, солардың жүрген  жолдары бар емес пе, неге сонымен жүрмейміз. Осы жолмен жүрмеген адамға кешірілім берілмейді, себебі адам Жаратушының жарылқауымен біліп туды ғой. «Неге соған қарсы шықтың?»- дейді ертең ахиретте.  Өйткені іштен адам білмей тумайтындығын жоғарыда айттық. Себебі адам Жаратушыны сезіп, соның дінінің арқасында өмірге бүтін Құранмен қапталып келеді. Ал сол Құранды ашып оқысаң бүтін Құран өзіңнің тағдырың. Ондай болса осы қысқаша ғана дүние - білім екен.

«Адам жерге симайды», «адам жерге симайды азайтып отыруым керек»- деп тағы кім айтты? Алла осылай деп айтты ма?  Бұл адамның өзінен шыққан сайтандардың қылығы. Алла тағаланың құдіреті күшті, сидырамын десе, бәрімізді бидайдың дәнегін жапқан қауызға да  сидырып жібереді. Сидырмайын десе бидайдың тесігіндей жерге сидырмай жібереді.

Ондай болса білім адамға - Жаннатқа жол. Ал енді білімсіздік - дозаққа жол. Алла тағаланың адам  баласынан сұрайтын ең бірінші білімі не дін. Алдымен дінін танысын, екінші ұлтын танысын, үшінші біліміне сай өзінің бойындағы қызметін халыққа дұрыс істесін дейді. Осы үшеуі адам баласының бойындағы Құдайдың сұрайтын дүниесі. Сен дініңді танымай ұлтыңды танымай, елге қызмет ете алмайсың. Дініңді сыйлап, сол жолмен жүрмесең бақытты болмайсың. Ұлтыңды силап сол жолмен жүрмесең сен еліңе қорған болмайсың. Ал алған біліміңмен халыққа қызмет етпесең, сен харамданасың. Халыққа қызмет ету деген не? Дінге қызмет ету! Дінмен жүргендерді силау. Саудагер болсаң - жемеу, мұғалім болсаң білгеніңді -шаршамай түсіндіру. Дәрігер болсаң таза емдеу. Басқа маманда болсаң адам разы болатындай мамандығыңа сай қызмет ету. Сол еңбегіңе қарай Алла саған ақыңды төлетеді.

Енді неге осының бәрін Жаннатқа жол дейміз. Себебі Жаннатқа Алла сүйген асыл құлдар ғана кіре алады. «Сен Жаннатқа барасың менің артымнан ерсең, сансыз зікір салсаң, тек қана менің айтқанымды ғана орындасаң, Жаннатқа барасың»- деп адамдарға айтқан. Діндар болсаң сен тақуаларға сенесің, сөйтіп айтқан имамдарға сенесің, Құранға сенесің, рухқа сенесің, періштелерге сенесің, аруақтың бар екеніне сенесің. Білімді болғанның арқасында ғана сен осы жолға өтесің.

Осы жерде адамға мынандай сыр ашылады. «Сен дініңді білмей, ұлтыңды білмей, силамай, сен халыққа қызмет ете алмайсың»- деп тұрғанмен сол адам ұлтын да, дінін де силамаса да білімді ғой. Білімді мұғалім бе, дәрігер ме, басқа маман ба, артық біледі. Осыны мақұлдайсың ба? Жоқ! Себебі ол алған білімін жанын бағу үшін алып еді. Ол екеуін салыстыра білмесе оның алған  білімі сайтанның білімі болып қалады. Дәрігер болса да, мұғалім болса да, тіпті ғалым болса да, қандай да бір ғалым  болып жетістіктерге жетіп биікте тұрса да, ол дінін таза біліп, оны мойындамаса, ұлтын қадірлемесе, оның жазған кітаптары харам қызмет етеді. Сол себепті де өте көп ғалым дозаққа баруға шақ қалады. Ал ғалымның жай адамнан айырмашылығы не? Оған Алла білімді терең үйретеді. Артық нұр құяды. Бірақ ол сол нұрды нәпсімен қатар келгендіктен, өзінің керегіне құйып алады. Қанағат тұтпайтын нәпсісіне құйып алады. Сөйтеді де қарғыс атады. Бірақ сол келген нұр оған білім алуға көмектесетін бақ болып кетеді. Қара қуат, ақ қуат  бәрі бірақ қуат.

Осылай айтсаң ғана ілімді - білімділер мен ғалымдарға көрсете аласың. Бірақ ғалымдардың жазғанына қарағанда бұл өте қарапайым, ерекше қарапайым айту. Бұл – ілім, тыңдаушыға ілім.  Ілім - білімнен де артық таңырқататын дүние. Ол - жаңалық, бірақ қарапайымдылығымен жаңалық. Сен бұрын естімеген, қабыл алмаған, бірақ сол қалыпта өмір сүріп жатқаныңды мойындатқан ілім. Ол - жоқ, айтылмаған дүниеде. Саған қайтып бір сұрақ қойылады, неге қанағатта сендер тек қана ас жағын біліп қалдыңдар. Асқа қанағат тұтсаң басқасына қанағат керек емес екен?

Тазару деңгейі төмен болғандықтан, Құран ашылмағандықтан, білім ізделінбегендіктен, сендер ойларыңда қанағаттың не екенін ұқпай қалдыңдар. Енді Құранды көп оқыған болсаң, сен ұқпай оқығанның өзінде де Алла саған нұрын күшейтеді, сен әр жерде Құран оқи отырып қанағатың күшейе бастайды. Қанағатты тоқтаусыз беретін кітап Құран. Ондай болса Жаннатқа жолда ең ірі жол қанағат болса енді соны күшейтетін жол - Құран. Ал Құранға әкелетін жол – ілім.

Ал енді саған Алла Тағала не деп тұр. «Бәріне қанағат керек»- деп тұр. «Іштегі нұрды сақтау үшін»- дейді. Ондай болса ми әрине ақыл береді. Бірақ сол толған мида ақыл жоқ болса, ол ақыл бере бермейді ғой. Егерде сенде қанағат болмаса, алған ілімің болмаса. Ниетің болмаса. Мидың өзі де саған екі жолда келеді ғой.

Миы бар ақымақтар бар. Миы бар өте ақылды сияқты көрінеді. Бірақ - ақымақ. Ақымақ болғанда өзінің дінінен тайып жүрген ақымақтар. Ақымақ деген сөз Жаннаттан бас тарту деген сөз. Ал енді Алланың әр сөзі ілім. Бұл сен үшін қанағат. Оқырмандарыңа өте үлкен сый. Себебі осыны оқып қолына алып отырған адам, одан кейін Құранын ашып Құдайдан қанағатын тілей бастайды. Жөнін көреді, өзі көре бастайды. Ол да адамға тән қасиеттер. Бірақ оны көре білу сендердің миларыңа берілген. Оны сен көре білесің егерде ерекше сабырлы болып Алладан сұрай білсең. Енді қанағат ерекше нұр болғандықтан нұр денеге сіңе ме? Нұрдың сіңуі ауадан да тез. Ондай болса сен «қанағат»- деген болсаң, ауадан да тез сіңіп, қабыл ала аласың деген сөз. Ауадан да тез сіңеді. Себебі сендер адам баласы нұрмен жасалынғасыңдар.

Құранның ішінде саған тағдырыңа жол көрсететін өте үлкен нұр бар. Құранның ішіде саған береке дәулет бар. Құранның ішінде сенің дұшпаныңды жазалайтын жол бар. Құранның ішінде жолыңнан тайдырмайтын белгілер бар. Құранның ішінде балаңа беретін тәрбие бар. Құранның ішінде Жаннатқа, Алланың алдына барғанда өлшейтін сенің таразың бар. Құранды сен оқып отырып өзіңнің салмағыңды көретін белгілер бар. Құранның ішінде сансыз қатысатын періштелер бар. Құран – Алла.

Жәбірейіл саған үнемі не дейді, "ашулансаң да ризамын"- дейді. Себебі сенің аузыңнан қазынадан сөз шығуда. Мұны бұрмалап жатсаң да, сен Тәңірімнің сөзін айтып жатырсың. Себебі сенің жаныңда Аллаһ тұр. Сол себепті біз саған қатты айтпаймыз. «Алла разы болсын»- дейтініміз Аллаһ отырады қасыңда. Сен де Жәбірейіл сияқты басқа адаммен сөйлескенде, оны қоштауыңда, құптауыңда ғана ұтасың. Дінде қарсылыспайды. Дінде қоштайды, қол ұстасады, бірігеді. Сонда ол сені қабыл етіп тыңдайды. Ондай болса сен қолыңды салып, онымен қол ұстасып, ұстану, дінді, ғылымды, іліммен жалғауда  дәнекерлік қызметін жасайсың.

 Ғылымға қарағанда  ілім мәселесі ол шексіз, ғылым мәселесінде деңгей бар, білім мәселесінде де деңгей бар. Оны сен өз аузыңнан ұлықтағайсың. Себебі басқалармен сөйлескенде оларда ілімдік  деңгей жоқ.  Бұл ауқымды келген жоспар, Құранға  табынып, Аллаһқа табынып, Құранның сөзін жаттап қана емес, соны бүтін киіп қабыл ету мәселесінде берген ілім».

 Маған Жәбірейілдің айтқаны бар;

«... Кейбіреулер сенің сөзіңе орай «Оны бізге шайтан айтады, жын айтады"- деген мәселені қозғайды, оларға айт;  Адам баласын жын да, шайтан да көріп тұрады. Оны адамдар көрмейді. Олар жүрегіміздің қобалжуына жақын тұрады. Біз қобалжи бастасақ олар, жанымызға жедел келе алады. Себебі олар бізді аңдуда. Ібіліс те, шайтан да білім алған. Ал ілім - оларға дарытылмаған. Аллаһ оларға бермейді. Нақты сенген тақуа мен нақты сенген мүмінге олар жолай алмайды, жақындай алмайды. Өйткені нақты тақуа мен нақты мүмінді Аллаһ оларды Құран сияқты сақтайды».

Бұл сөздер сүйіншілеп отырған Ғайып кітабынан болса, осы жерде ілімге байланысты өзіміздің ғалымдарымыз дайындаған бүгінде елімізде жоғары оқу орындары үшін оқулық кітап болып баспадан шыққан «Фалсафа тарихы» кітабынан бірсыпыра ілім иелерінің ілім туралы мына пікірлеріне де назар акдара кеткенді жөн көріп отырмын.

 Әл Фараби; «Есіңде болсын  дүниеде субстанция мен акциденциядан және оларды Жаратушы мәңгілік Жардан басқа ешнәрсе жоқ». «Бұл ғылым жаратылыстану ғылымының өресіне сыймайды. Оны «метафизика» немесе «акаид» (Құдай тану) ғылымы деп атайды. Бұл ғылым барлық ғылымдардың басы мен соңы болып табылады, одан кейін зерттеулердің еш мағанасы жоқ. Барлық зерттеулердің түпкі мақсаты мен тағат табатын жетер шегі де осы ғылым». («Ғылымдардың шығу тегі» трактаты).

Ілімші Бәкір ғұлама ибн Рушдтың; «Аян арқылы белгілі болған ілім мен философиялық пайымдаулар арқылы алынған білім сәйкес келе ме?»- деген сұрағына Ол; «Әлемнің шексіз субстанцияларын тануда кәдімгі білімдер дәрменсіз, ол тек мистиктердің қолынан келетін іс» -деп жауап берген.   

Адам санасының бастауын іздеген ғұлама Ибн Араби - Хақ тағала мен пендені бөліп қарастырып, мынадай тұжырым айтыпты. “...Кәміл адам құдіреті - Құдайдың көлеңкесі немесе абсолютті мәндегі кереметтің қысқаша шағын көрінісі. Адам ешқашан Құдайдың қасиеттеріне ие болмақ емес. Хақтың білімі – мәңгілік, ал адамның білімі пайда болған. Жасалушыда жасау құдіреті болмайды. Кімде жүрек болса соған өсиет, кімде ақыл болса емес. Сен Аллаға оны көріп тұрғандай құлшылық жаса. Жаратқанның мәнін пайғамбарлар мен сопылар арасынан шыққан теологтардан өзге ешбір ғалымдар білген емес. Теорияшылдық оны ешуақытта аша алмайды, ол жолдағылар қашан да айдалаға лағып кетеді...”.

 Осы кітапта Әл Ғазали мынадай тұжырым айтыпты; “...мен философтардың бірнеше параға, ал олардың ғылымы – бірнеше сатыларға бөлінетінін көрдім. Бірақ, ол толып жатқан паралардың қайсысына жатпасын олардың көнелері мен өте көнелерінің және кейінгілері мен ертедегілерінің арасында бірінің шындыққа жуық, екіншісінің қашық болуы мағанасында ұлы алшақтық жатқанымен, барлық философтарда сөзсіз бір ғана таңба – сенімсіздік пен құдайсыздық таңбасы жатыр” (“Фалсафа тарихы” 131 бет).

Сөз соңында айтарым, Құдайдың мына құдіретіне не деуге болады, Аллаһтың аян Әліппе ілім кітабы аянмен жеті күнде түсірілді, он күнде баспадан шығып қолыма тиді. Біз бүгінге дейін жастарымызды атеист ғалымдар дайындаған «Дінтану» оқулығымен оқытып келеміз.  Ғайыптан түскен мына аян-әліппе -  «Дінтану» мен дінді қалай оқыту керектігін, Құранның қасиетін басқаша діннің тілімен ғана түсіндіреді. Бұл кітап та – мұғжиза. Мен осындай тағы бір ерекше кітаптың Ғайыптан қабылданғандығын сүйіншілеп жеткізгім келді...

(Соңы)

 

Бақтыбай Айнабеков,

Ілімші –жазушы

4 пікір