Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2817 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 10:28

ЖҰМЫС АУҚЫМЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ҰЛҒАЙҒАН

Павлодар облысы шекарасындағы автокөлік жолдары республикалық маңызға ие. Қазіргі уақытта аймақтағы автокөлік жолдарына арналған жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитеті Павлодар облыстық автокөлік жолдары департаментінің директоры Амангелді Елубайұлы Бектұров 2010 жылдың І жартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
2010 жылы Павлодар облысының республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен 5232,2 миллион теңге бөлінген. Оның 2613,7 миллионы жолдарды қайтадан қалпына келтіруге, 1897,5 миллион теңге күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінсе, 310,9 миллион теңге орташа жөндеу жұмыстарына бірілген. Жер пайдалану құжаттарын құқықтық негізде рәсімдеуге 5,0 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы уақытта жүріп жатқан жолды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарына 405,0 миллион теңге бөлінді.

Павлодар облысы шекарасындағы автокөлік жолдары республикалық маңызға ие. Қазіргі уақытта аймақтағы автокөлік жолдарына арналған жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитеті Павлодар облыстық автокөлік жолдары департаментінің директоры Амангелді Елубайұлы Бектұров 2010 жылдың І жартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
2010 жылы Павлодар облысының республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен 5232,2 миллион теңге бөлінген. Оның 2613,7 миллионы жолдарды қайтадан қалпына келтіруге, 1897,5 миллион теңге күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінсе, 310,9 миллион теңге орташа жөндеу жұмыстарына бірілген. Жер пайдалану құжаттарын құқықтық негізде рәсімдеуге 5,0 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы уақытта жүріп жатқан жолды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарына 405,0 миллион теңге бөлінді.
«Департамент 2010 жылдың І жарты-жылдығында бөлінген қаражаттың 2915,9 миллион теңгесін игерді. Бұл ретте жолдарды қайтадан қалпына келтіруге 1591,9 миллион теңге, күрделі жөндеу жұмыстарына 902,8 миллион теңге, орташа жөндеу жұмыстарына 144,8 миллион теңге жұмсалды. Ағымдағы уақытта жүріп жатқан жолды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарында 276,0 миллион теңге және жер пайдалану құжаттарын құқықтық негізде рәсімдеуде 0,4 миллион теңге игеріліп, іске асты»,- деді департамент директоры А.Бектұров.
Келесі жартыжылдыққа «Омбы-Павлодар» бағытындағы автокөлік жолының 40 километр (208-248 километр аралығы) жеріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар «Қарағанды-Павлодар» бағытындағы 22 километр жерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Департамент директорының мәлімдеуінше «Ленин кенті - Ақсу-Көктөбе- Курчатов қаласы» бағытындағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары 2011 жылы жүзеге асады.
Павлодар облысындағы республикалық жолдардың жалпы ұзындығы 1510,4 километрді құрайды. Оның ішінде 1451,4 километрі асфальтты-бетонды қара жол, 55,6 километрі - қатты жолдар. Бұған Қашыр-Михайловка селосы (Ресей Федерациясының шекарасы) бағытында 18 километр, Ульяновск-Керней-Үміткер-Баянауыл-Майқайың-Қалқаман бағытындағы автокөлік жолының 16 километрі және Ленин кенті-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов қаласы бағытындағы жолдың 21,6 километрі жатады. Ал асфальттанбаған топырақ жол 3 километрді құрайды. Бұл - Қашыр ауданы мен Михайловка (Ресей Федерациясының шекарасы) селосы аралығындағы қашықтық. Палодар облысының аумағында 21 көпір, 491 су өткізгіш құбыр тіркелген.
«Биыл «2006-2012 жылдарға арналған авто көлік жолдарын дамыту бағдарламасы» аясында халықаралық транзиттік жол саналатын «Омбы-Павлодар-Майқапшағай» бағытындағы жолдарға қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы 20 километр жерді небәрі үш жарым айдың ішінде ретке келтіріп, 25 шілде күні уақытынан бұрын тапсырдық»,- деді А.Бектұров.
І жартыжылдықта атқарылған игі істердің бірі ретінде Башмачное селосы мен Железинка селосы аралығындағы автокөлік жолының қайта жөндеуден өткенін айтуға болады. Аталған бағыттағы жолды жөндеу жұмысымен 2006 жылы түріктің «Окан Констракшн» құрылыс компаниясы айналысқан болатын. Түріктің мердігер компаниясымен жасалған келісім шарт 2009 жылы күшін жойып, жаңа мердігер компания анықталды. Содан кейін аталмыш бағыттағы жолмен «Автодорсервис» ЖШС айналысты. Департамент директорының айтуынша дәл қазіргі уақытта аталған аймақта әлі де болса жұмыс қызу жүріп жатыр және екінші жарты жылдықта аталған автожолды іске қосу жоспарланып отыр.
«Өткен жартыжылдықтағы көңіл көншітерлік тағы бір мәлімет - ол «Павлодар қаласын айналып өтетін көлік жолы» мемлекеттік сараптама кешенінің іске асуы»,- дейді департамент директоры.
Баспасөз мәслихаты барысында А.Бектұров тұрғындар үнемі техникалық жағдайына көп арыз түсіретін «Қызылорда-Павлодар-Успенка» (Ресей Федерациясының шекарасы) бағытындағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Аталмыш жолды қалпына келтіруге 1538,0 миллион теңге қаржы бөлінген. Шілде айының бірінші жұлдызындағы мәліметтерге сүйенсек, аталған соманың 691,3 миллионы игерілген. Қазіргі уақытта ұзындығы 4 километрді (1183-1187 километр аралығы) құрайтын жолға жөндеу жұмыстары толығымен жасалды.
«Ленин кенті-Ақсу-Көктөбе-Курчатов қаласы» бағытандағы автожолды жөндеу үшін 340,3 миллион теңге бөлінсе, соның 211,3 миллионы қажетті жеріне жұмсалған.
2010 жылы республикалық маңыздағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстарына 311,0 миллион теңге бөлінді. «Ленин кенті-Ақсу-Көктөбе-Курчатов қаласы» бағытындағы автокөлік жолының 12 километріне 108,1 миллион теңге, «Ульяновск-Керней-Баянауыл-Қалқаман» бағындағы 32,8 километр жерге 202,3 миллион теңге бөлінді. Бірінші жартыжылдықтың орташа жөндеу жұмыстарына бөлінген 83,7 миллионынның 61,1 миллионы игерілді деп мәлімдеді департамент директоры.
Ағымдағы уақытта жүріп жатқан жолды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 410 миллион теңге бөлінген. Шілде айының бас кезінде жасалған мәліметтерге сүйенсек аталған қаражаттың 176,4 миллионы игерілген.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша демпартамент 30,2 мың шаршы метр асфальтты-бетонды қара жолдың шұңқырларын ретке келтірсе, 9,6 мың шаршы жолдың жарылған жерлерін жамаған. Сонымен қатар жол бойындағы аялдамаларды сырлап, 152 жол белгісін орнатқан.
Баспасөз мәслихаты барысында автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын «Казахавтодор» және «Павлодар-жоллаборатория» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары Александр Гульм мен Ардақ Тоққожин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Еркебұлан ӘМІРЕНОВ

 

0 пікір