Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4686 4 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 10:24

Ескерткішті «тарихи детальдарға» қарап сомдап шықса...

Қазақтардың лақтырған құртын теріп алып жатқан «алжирліктерге» қаланың көрнекті жерінен бір үлкен ескерткіш ашса, керемет символикалық мәні бар ескерткіш болып шыға келетін еді!

Геноцид пен соғыстың таптаурын болған «темаларына» қарағанда, осындай мағыналы дүниелерге бүкіл әлемде үлкен мән береді. Біз қазір бір шектеулі шаблонның арасынан шыға алмай жүрміз. Ескерткішті жалпылама көрініске емес, адамдардың басынан өткен «тарихи детальдарға» қарап сомдап шықса, бұлар бізді сыртқа танытатын «исторический достопримечательностьқа» айналып кетуі мүмкін. Әлемнің көп елін қазір осындай өнер туындылары арқылы таниды.

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір