Жұма, 29 Наурыз 2024
5320 7 пікір 31 Мамыр, 2017 сағат 13:13

СNN: "Орыстар Трамп пен жақтастарына қатысты компромат барын айтты"

CNN телеарнасының арнайы қызмет ардагерлері мен Конгрестегі дереккөзге сүйене отырып хабарлауынша, өткен президенттік сайлау науқаны кезінде ресейліктер президенттіктен үміткер Дональд Трамп пен оның жақтастарына қатысты компромат бар екенін айтқан.

Ресейліктердің әңгімесін америкалық барлау естіп, "Ресей әкімшілікке ықпал ете алады" деген тұжырым жасаған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, бұл компроматта қаржы туралы айтылады. Кейбір сарапшылар мұндай мәлімдемелердің сайлау науқанын бұрмалай түсу мақсатында ойдан шығарылуы мүмкін екенін ескертті.

Орыстар айтқан Трамп сайлау штабының қызметкерлерінің кімдер екенін CNN хабарламады. Федералдық барлау бюросы бұған қатысты пікір білдірген жоқ.

Президенттің өзі Twitter арқылы: "Ресейде биліктегі адамдар АҚШ-ты күлкіге айналдырған секілді. Жалған жаңалық тарататын арналарға айналған БАҚ-ты жеңіліс тапқан демократтар ойлап тапқан", - деп жазды.

Абай-ақпарат

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551