Сейсенбі, 11 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 100164. Жазылғандар — 73702. Қайтыс болғандар — 1269
Деп жатыр 3524 0 пікір 30 Мамыр, 2017 сағат 10:34

Қазақстан адвокаттық корпусты кеңейтеді

Қазақстанның әділет министрлігі адвокаттық ұжымға кіру жарнасын қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлады әділет министрі Марат Бекетаев. Бұл пікірін ол Астанада депутаттармен кездесуінде айтты.

Министрлік мәліметі бойынша, Қазақстанда бір адвокатқа орташа есеппен шамамен 3 900 азамат келеді. "Қазіргі таңда Қазақстанда адвокаттар жетіспейді. Олардың қазіргі саны азаматтарға толықтай заң көмегін беруге жетіспейді", - деп мәлімдеді Бекетаев парламент мәжілісінің үкімет сағатында.

Бекетаевтың айтуынша, қазір адвокат болғысы келетін жас заңгерлер адвокаттар алқасында алты ай бойы ақылы тәжірибеден өтіп, аттестациядан өткен соң ғана адвокаттар ұжымына қабылданады. "Адвокат мәртебесіне ие болу үшін олар күрделі сынақтардан өтіп, шамамен миллион теңге төлейді", - деді министр.

Оның айтуынша, әділет министрлігі республикалық адковаттар алқасымен бірге алғашқы жарна көлемі мен сынақ мерзімін азайту мәселесін талқылап жатыр. Бекетаевтың пікірінше, жаңа өзгерістер азаматтарға сапалы заң көмегін алуға көмектеседі.

Абай-ақпарат

0 пікір