Жұма, 29 Наурыз 2024
Тылсым 6739 2 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 13:13

Ілім - ерекше ғылым

(ҚР ҰҒА президентімен болған кездесуден соң ғайыптан жеткен «Ілім – ерекше ғылым» кітабы туралы сүйіншілеу)

Өткен жылдың соңғы айында  ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов мырзаға «Қазығұрт» баспасынан (2015 ж.) жарық көрген «Аллаһтың маған аяны» атты Ғайыптан қабылдаған кітабымды көрсетіп;

- Мүке, мына шаңырақ ғұлама Қаныш Сәтбаевтың табанды даналығымен Екінші жихан соғысы біте сала көтерілген киелі мекен ғой, сіз отырған орындық  сол кісіден қалған қасиетті орын болған соң үлкен үмітпен келіп тұрмын. Мен партия, кеңес орындарында, соңынан мемлекеттік теледидарда көп жыл тележурналист болып қызмет жасап зейнеткерлікке шыққанмын. Қартайғанда Жаратушым бақ беріп, Ғайыптан аянмен делдалсыз Құранның 114 сүресіне тікеден тік  түсірілген тәпсірді қабылдап алып, сол аманатты мынадай кітап етіп  баспадан шығарып әкеліп тұрмын. Бұл Құран емес, Құран пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.)  кезінде түсіп қойған,ол қайта түспейді, түспек түгілі жеке харпі де, тыныс белгісі де өзгермейді, бұл кітаптың мақсаты – бүгінде әр үйде беті ашылмай тұрған Аллаһ пен адамның арасындағы асыл жол сол Құранға бетін аудару,  сол Құранның жер бетіне түскен алғашқы тәпсірі.  Кітап маған аян болып түскенімен, қасиетті қазақ топырағына және күллі мұсылман әлеміне түскен мұғжиза.

Бас муфтиге апарсам, танысып шығып:

- Ғайыптан аян болады, Менделеевке де периоттық жүйе түсінде аян болып түскен ғой - деп әңгімені әріден бастап еді, мен ол ініме:

- Менделеевты несіне әңгімеге өзек етеміз, қолыңдағы Құран да пайғамбарымызға Жәбірейл (ғ.с.) арқылы аянмен түскен жоқ па?- деп едім, ол абдырып:

- Менен не сұрайсыз, мына аянға байланысты мен ештеңе айта алмай отырмын. Біздің діндарлардың мықтысы Құранды жатқа білетін қарилар. Олар бұл аянды қалай қабылдайтынын білмеймін. Енді менен не көмек сұрайсыз?- деп ағынан жарылды. Онысына да рахмет. Мен еліміздегі дін ғұламаларының басын жиып, араларында ілім иелері болса солармен кітапты талқыға салып,  нақтылы пікірін білсек болар еді?- деп кітапты қалдырып кеттім, арада төрт-бес  ай уақыт өтті, әлі күнге хабар жоқ. Осы аралықта мамыр айының 23 жұлдызында Түркістандағы Йассауий атындағы қазақ түрік университетінде ғалымдарымен халықаралық дөңгелек стол ұйымдастырылды, сол жиынға қатысқан ғалымдардың бір тобы:  «Республика ғылым академиясымен хабарласуыңыз керек, бұл кітапқа байланысты нақты пікірді сол шаңырақтан аласыз»- деген ұсыныс айтты. Сонымен осы шаңыраққа үлкен үмітпен келіп отырмын деп едім:

- Кітабыңызды қалдырып кетіңіз, жаңа жыл келіп қалды, оның үстіне ақпан айының ортасында Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығы аталып өткелі отыр. Үлкен жиынға Елбасымыздың өзі қатысады, сол шараны бір жақты бітірмей менің басқа шаруамен айналысуға еш мұршам жоқ. Содан кейін көрелік, - деп шығарып салды. Аталынған жиын тағы біразға шегеріліп барып өтіп, арада тоқсан күн өткенде әупірім тәңіріммен Жұрынов мырзамен қайта кездесудің реті келді. Бұлай айтып отырғаным мерекелік жиыннан кейінгі хабарласулардың соңында маған тапсырылған кітапқа байланысты жазбаша пікір болмайтындығы жетті. Хабардың жолын тоқсан күн күткен мен көнбедім;

- Болмаса сол пікірді жазбаша берсін -деп табанды талап қойдым. Не керек мен барғанша мынадай жауап жазылып қойған екен;

                                                                Р. Сүлейменов атындағы шығыстану

                                                  институтының директоры, ҚР ҰҒА құрметті

                                          мүшесі, ф.ғ.д. профессор Ә.Б. Дербісәлі мырзаға

          Құрметті Әбсаттар Бағызбайұлы!

    15.03.2017 ж.ақын жазушы Айнабеков Бақтыбай Айнабекұлынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясына «Аллаһтың маған аяны» атты кітабы келіп түсті. Автордың талабы бойынша Академияның ғалымдары осы еңбекті талқылып, баға беруін сұрайды. Осы мақсатта бұл кітапты Сізге жолдап отырмыз. Аталған еңбекті институттың Ғылыми кеңесінде талқыға салып, немесе жеке ғалымдардың пікірін негізге ала отырып, осы кітапқа өз бағаларыңызды берулеріңізді сұраймын және осы кітаптың авторын шақырып, өз шешімдеріңізбен таныстыруыңызды өтінемін.

Айнабеков Бақтыбай Айнабекұлы. Бай. Тел; 8 701 7430979; 319 53 30

Құрметпен, ҚР ҰҒА президенті, академик М. Жұрынов.

 04.04.2017 ж.

Бұл жазбаша жауапты алып алғаным дұрыс болды. Мен 2007 жылы «Аллаға сенеміз бе, әлде Әбсаттарға сенеміз бе? Елбасы Н.Назарбаевтың пайымдауына» деген 180 беттік кітапты баспадан шығарып, онда Әбсаттар Дербісәлінің «Құран – Араб әдебиетінің жазба ескерткіші»- деген еңбегін өз деңгейімде сынға алып,  «Құранды әдебиет» - деп айту үлкен  күнә екенін жария еткенмін. Жұрынов мырзаның өз қолымен дайындалған осы жауапты ұстаған қалпы алдына кіріп бардым. Арамызда мынадай әңгіме өрбіді. Ол:

  - Аян пайғамбарға ғана түседі, сізге түскеніне сенбеймін, - деді.

- Сену сенбеу өз еркіңіз ғой. Сіз химия ғылымының докторы екенсіз. Есіңізде болса алғаш қабылдаған кезіңізде  Бас муфтиге осы кітап бойынша барғанымда қалай тоқтау айтқанымды ескертіп едім, сол әңгімеге ден қоймаған екенсіз- деп Менделеевты тағы есіне салдым.

- Өзіңіз сол саланың ғылым докторы бола тұрып, аян жайлы сол тарихи шындықты мойындамасаңыз...-деп едім:

- Менделеев мұсылман емес, оның дінге не қатысы бар? - дегені...

- Менделееав қана емес, адамның бәрі мұсылман, білмесеңіз намаз уақытында мешітің жанына барып молдалардан емес, кішкене намазхан баладан «сен қашаннан мұсылмансың?»- деп сұрасаңыз, «Әлмисақтан» деп жауап береді.  Құранда мынандай сүре бар. «Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһ Тағала кезінде адам балаларын әкелерінің белдерінен нәсілдерін алып оған өздерін куә етіп; «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» -дегенде олар, «Әрине, Раббымыз өзіңсің, оған куә боламыз»-деген. Бұл қиямет  күні «Бұдан хабарымыз жоқ еді демеулерің үшін алынған «Әлмисақ» уәдесі». Бұл сүрені білмесеңіз мақұл-ақ болсын,  онда Пайғамбар кім, адам ба? – деп сұрадым.

- Адам.

- Сіз кімсіз, адамсыз ба?

- Адаммын.

- Мен де адаммын. Жаратушы алдымен пайғамбарды жаратқан жоқ, адамды жаратты ғой. «Бол» деді, адам болды. Құран осылай дейді. Алла алдымен сөзді пайғамбарға емес, адамға үйреткен жоқ па? Адамды жаратқан соң Құранда періштелерге: «Пайғамбарға сәжде ет»- деген жоқ, өзі жаратқан «Адамға сәжде ет»- деген жоқ па? Алла бар қасиетті алдымен пайғамбарға емес, адамға берген жоқ па?  - деп пәтуа айтуға тура келді. Бұдан да қатты айтуға болар еді, Қаныш отырған қасиетті орын тоқтау салды.

- Бұл сөзге төрелік ететін  асыл өрім Құранда мынандай аяттар бар; «Алла Тағала, хикметті, терең білімді қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұдан ақыл иелері ғана ғибрат алған болады» («Әли Ғымыран», 269 аят), «Алла Тағала қалаған адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан сөйлеседі; не бір елші жіберіп Өз қалауымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол өте жоғары, хикмет Иесі. («Шура», 51 аят.). -дедім де қолына кезінде Әбсаттар жайлы жазылған «Аллаға сенеміз бе, әлде Әбсаттарға сенеміз бе?» деген кітабымды  ұстата қойдым.

- Өзіңіз қызық екенсіз, Алламен Әбсаттарды салыстырып осылай кітап шығаруға бола ма екен, мұныңыз дұрыс емес! –деді ол.

-  Менің қызық ештеңем жоқ, қызық нәрсе  - өзіңізге қалдырған қолыңыздағы кітаппен танысаңыз, соның ішінде болатын. Сіз Құран сүрелерін тәпсірлеп жеткізген Алланың аманат ілім кітабына қызмет орыныңызға сай мән бермей отырсыз. Мен қолыңыздағы  кітапта Алламен Әбсаттарды салыстырып отырғаным жоқ, оған Құранның  құнын түсіруіне жол бермеу үшін,  дін жанашыры ретінде білдірген ашық ащы пікірім. Кітап бұдан он жыл бұрын жарық көрген. Осы кітапта сыналған жан өзі қорғанбай жатқанда сіздің бұл жанашырлығыңыз, бәлкім, сол кітапты ғылыми кеңесте талқылап нақты пікір шығаруға төреші болар.

Дінді қашан да діңгегінде діні бар адам ғана қорғайды. Мен Әбсаттардың  ғалымдығы туралы ештеңе айтпаймын, еңбектерімен таныс емеспін. Бірақ «Құран - Араб әдебиетінің жазбаша ескерткіші» - деп жазған адамнан сізге аманаттаған кітап жөнінде оңды пікір күту мен үшін қиын шаруа. Күтуге ешбір қисын да жоқ қой.  Өзіңіз де байқап жүрген боларсыз, қазір біздің елімізде бір дерт көзге сүйелдей көрініс беріп жүр, кейбір лауазымды орынтаққа бөксесі жеткенмен басы жетпейтін адамдар жайғасып алған, бұл Сізді солардың қатарына жатқызғаным емес, дегенмен ғұлама Қаныштан қалған мына орындықта отырған тұлға соған лайық болуы керек еді ғой деген ойда кетіп бара жатқанымды жасырмаймын...- деп шығып кеттім.

Шықтым да арадағы болған осы әңгімеге өзім қатты қысылдым. Сыртқа шықтым да өзімді сабырға шақырдым. «Ей, Бақтабай, сен тыңдаған «Әс сабур» ілімі саған не деп үйретті?..».

Шүкіршілікке келіп, тәубе дедім, Алладан кешірім сұрадым. Жалпы мен соңғы екі жылда Алладан делдалсыз аян алып, дін туралы төрт кітапты баспадан шығардым. Алла қашан да өз дінін өзі қорғайды. Құранда солай жазылған және әр сүре басында айтылатын анттарына Алла қашан да берік. Соның нақтылы дәлелі Алладан тағы да көмек келді.

Алла күллі жаратылысты сұхбат арқылы жаратқан. Сөз иесі – Алла, сөз Алланың қазынасы.  Сөзді - Алла айтқан, адамға үйреткен, сөйлемді, сөйлеуді -  адамға еншілеген. Адамның бар жақсы қасиеті Құраннан алынып салынған!  Құранды оқи отырып сен өзіңе нақты сырттан қарай аласың.

«Е, Аллам, үйрет маған Құрныңды»- дедім кезінде қажылығымда. Сол сөзім Алладан қайтты. Алладан Құран туралы сұрау - ол Тәңірімнің жанында, құл екенімізді мойындау еді. «Аллаһтың маған аяны» кітабы сол бойынша Ғайыптан түсірілген мұғжиза сый болатын. Аллам тағы жарылқады. Маған  Ғайыптан Алланың ілімін алуда, шексіз нұр, қуат болар жеті деңгейлі ілім түсетіндігі және оның жедел жарық көретіндігі туралы аян жетіп, жеті күнде «Ілім – ерекше ғылым» деген атаумен күллі әлемнің назарын аударар жеті деңгейлі Ілім әліппесі аян кітап болып түсті .

Жеті деңгейлі ілімнің Алғашқы деңгейі Әліппе – Құран тірі кітап, құдірет екендігін, құдіретті күш адам баласына тікелей берілетін қасиет екенін, Құдай ол күшті сездірмейтінін, ол Құран арқылы келіп қызмет ететінін, адам тазалануға асықпайтынын, адамды тазалауға Алланың асығатынын, дәреттің қасиетін адам білмейтінін, ілімді Алла өзі таңдаған адамдарға беретіндігін, ілім тікелей Құдайдан келетіндігін ұғындырса;

Екінші деңгейде Алланы сезбеген кезде адам Құранды түсінбейтіндігін, Алланы мойындау, сезіну арқылы Жаратушымен сөйлесуге болатындығын, Құранның қасиеті адамды тазалайтындығын,  Құранды оқығанда  түсіну адамға байланысты еместігін, тақуалар Алланың досы, ілімшілер шәкірті, білімділер қорғаны екендігін;

Үшінші деңгейде ілім ішіндегі ілімге дайындық, есін білмей туған баланы дінге салу оңай екендігін, баланы түзететін болсаң сауабын алатыныңды, бұзатын болсаң қасіретіне ие болатыныңды, тұнық дүние шексіз Алла болғандықтан білімнің де шексіздігін, соның өзі де  деңгейге қарай берілетіндігін, тақуалыққа жол, мұны әдеппен Құранға кіргенге Алланың өзі үйретіп, өзі түсіндіретіндігін, дін қожалары - күллі мұсылман екендігін, дініне еге адамдардың дін қожасы екендігін, Құран ашқан адамға Жаратушының қарғыс атқанды жолатпайтындығын, әр мұсылман бұған сенімді болуын;

Төртінші деңгейде адам Алланы сүйетінін, білетінін, мойындайтынын, дін жайлы кітаптардың бір ғана мәселе тек сұрауға ғана бейімделгенін, тәубаға келу мәселесі «Шүкір Аллам, тәубе, мені құтқар» деген үш ақ сөз екендігін, ғалым деген кім екендігін, осыдан соңғы үш ілім деңгейі жабық ілім болатындығын, оның әліппеге түспейтіндігін,  ол үйретуші, тәубаға келуші, Алланың бар екенін, ғайыптың бар екенін жеткізуші менің алып жатқан кітаптарымның мәселесіндегі ілім болғандықтан, ол іште қалатын, ерекше «оқимын» дегендерге берілетін ілім екендігін, бұл ретте сүйенетініміз сұрау ғана екендігін;

Бесінші деңгейдегі, жабық ілімде Алладан «жақсы, жаман»- жоқ екендігін, Алланың жанында йә «жоқ», йә «бар»- ғана бар екенін, көзіңе көрінбейтін дүниеге дәретсіз кіруге болмайтындығын, адам өлмей мәңгілік жолға түсетіндігін, мәңгілік өмірге кіргенде де мінезінің өзгермейтіндігін, ол солай жаратылғандығын, көзге көрінбейтін рух, көзге көрінетін денеге келіп қонғанда тура сол адамның мінезін қайталайтындығын, шексіздік дегеніміз көзге көрінбейтін, ешкімге есеп бермейтін, адамның ақылына симайтын дүние екендігін, Алланың маған рух қондырғалы жатқанын, оған  «Йасиинді» оқып дайындалу қажеттігін, келесі ілімді  сол рухты қондырып барып алатындығымды, тәуба - барлық пен жоқтықтың екеуінің арасын ашатындығын, тәубә - жоқтан бар болу екендігін, сабырлық дәрменсіздік пен әлсіздіктен тумайтындығын, шексіздікті мойындағандықтан туатындығын,  ал шексіздік – Құдай екендігін;

Алтыншы деңгейдегі жабық ілімде жоқтың ішінде бар, ал бардың ішінде жоқ ілімі туралы, дінтану – Алланы іздеп табу, құлшылық жасау, Алланың бар екенін мойындау мәселесіндегі ілім екендігін, адам құдіреті күшті Құдайдың көмегімен күнәсін жууға келетіндігін, бұл мәселенің барлық адам баласының миына симайтындығын, тек тақуалар мен ілімшілерге ғана сыятындығын, жоғары жақта «ақ пен қара, ауыр мен жеңіл»- жоқтығын, Алла Тағаладан дін мәселесінде «күш пен қуат»- қана келетіндігін, Құдайдан қандай қуат келсе де діннің, Құдайдың бар екенін айтып келетіндігін, осы күш пен қуатты күшті дінге айналдыруға болатындығын, бүкіл пайғамбарлардың бәрі дінсіздерді діндар еткенін, Алла тағала маған асыл рухтарды қондыра отырып, осы шексіз қасиетті жеткізуге үлкен қуат бергенін, сол - саулығыма да,  іліміме де жететіндігін, содан Әліппеге өрістеп кететінім, осындай ілім алған адамға өлім ұзақ екендігін;

Жетінші деңгейде жетінші ілім дін басы екендігін, Алла Тағалам адам баласына алдымен Жаннатты, содан соң дін мен миды бергенін, Адам Ата жерге мұсылман болып түскенімен діннің жолын үйренбей түскенін, көктен бірақ адам түскенін, бір адамға сансыз дін берілмейтіндігін,  адам Жаннат үшін жаралғанын,  бір адамға бір дінді берген Құдай соның аяғын  124 000 пайғамбардың ішінен соңғы бір-ақ пайғамбармен бітіргенін, адам жолдан тайғаннан кейін Жаратқан Ием кешіретінін, қайтадан Жаннатқа жолды беретіндігін, «Кітаптың сұлтаны Құран, киімнің сұлтаны - Иман киімі»- екендігін, Иман киімі адамның бойындағы ар ұятты оятатынын, ар ұят оянғанда алдымен Алладан ұялатынын, Иман киімі өзімен өзі сенің бойыңдағы қасиетіңді күшейтіп Алланы мойындататынын, ең бірінші Жаннатқа жол әйел баласына да, ер адамға да иман киімі екенін,  ол киімді кию қиын туатынын, Алланың алдында ұялу қасиетін көтеретін киімді кию жай киімге қарағанда қиындау екенін, ал бірақ киіп алу, киіп Жаннатқа бару оңай екенін, себебі адам Жаннаттан келгенін, Иман киімі басқа кітаптардан да бірінші тұратындығын, себебі кітаптан бұрын дененің келгендігін, Иман киімі рухты сақтайтынын, иманның иесі – Алла, дінінің аты – Ислам, тұратын жері – Жаннат екенін, Иман - дозаққа бармайтынын, Ғалымдар ілім қуалап, ілім туралы айтатынын, бірақ өзіне сол жағдайды жасамайтынын, Алла шексіз болғандықтан - ілім шексіз екендігін,  ілім адам бойына қорқыныш тудыратынын,  әркім өз ұлтының қадыр қасиетін ұстана білуі керектігін, ұлт мәселесі де Алла тағаладан қойылған үлкен тәртіп екендігін, бір ұлттан туылып басқа ұлт бола алмайтындығың, ұлттық белгі әркімнің қанында тұратындығын,  Алла Тағала ол ұлтқа тән нәрсені қанымен бергендігін, Ұлттық идея – халықтың өзі жайлы ойлауы емес, Құдайдың халық жайлы ойлауы екендігін,  Ұлтқа бағынбайтын дүние үшеу ақ;  - дін, Жаннат, ми екендігін, бұлар Алланың әмірімен жүруі тиістігін, барлық ұлттың баратын жері – Жаннат, бәрінің ойланатыны біреу-ақ – миы екендігін, осының бәрін сақтайтын  ұлттық тәртіп екендігін, Ұлттық тәртібің миың мен тіліңе бағышталған бір Алла айтқан дініңе бағышталған болмаса ол ұлт құритынын, Алла оны көктен құртатынын, жоқ қылатынын, өшіретінін, дозаққа салатынын,  ұлт мәселесін дұрыс қабылдап, дін мәселесінде дұрыс ұстанбасаң,  адами қасиеттен кететініңді жеткізді.

Алла тағалам бүгінгі күнге дейін, осы кітап қаламға түскенге  дейін, бермей тұрған хабарды маған беріп жатқан болса, Жаратқан Ием өзі таңдаған адамына, ұлтына беріп жатқанын, бұл тек маған емес өзге де ұлттарға қатысты беріп жатқан дүние екенін, өйткені бәрінің ұстанатын жолы, діні біреу – Ислам екенін, кітап  Әлем халқына бұйыртылып тапсырылып жатқанын, ұлтпен ұлт бір бірін сыйлауы керектігін, біріне бірі үстемдік жасамауы керектігін, ондай жағдай діндерін бұзуға алып келетінін, Алла өз дінін бұздыртпайтынын, бір-ақ күнде дінді тартып алатынын, ілім соңында Алла тағала  бұл кітапты маған тұмар, ат қылып бергенін, Тұлпар қылып беріп мінгізіп діннің жолы қылып салғанын сүйіншіледі.

Осылайша  берілген бұл жеті ілім - Діннің қарапайымдылығын, Исламды ұстануымыз керектігін, оның өз бойымызда барлығын, қажетімізді Тәңірден сұрап алып бақытты болатындығымды үйретті. Осы кітап бүкіл ұлт  иесіне, Жаннатқа жол болып қалатындығын жеткізді.

(Жалғасы бар)

Бақтыбай Айнабаеков,

Ілімші –жазушы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622