Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6298 3 пікір 26 Мамыр, 2017 сағат 09:00

Мәскеуде орнатылатын Ислам Каримовтің ескерткішін британдық мүсінші жасап жатыр

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің Мәскеуге орнататын ескерткішін британдық мүсінші Пол Дэй жасап жатыр. Бұл жөнінде Instagram парақшасына Лола Каримова-Тилляева жазды.

Оның сөздерінше, өзі қазір Мәскеуде шығармашылық топпен жүр. Онда Мәскеу мэріне Ислам Каримов ескерткішінің жобасын ұсынады. Былтыр Өзбекстанның тұңғыш президентінің атына саябақ ашылған.

Каримованың айтуынша, жоба 2018 жылы дайын болады.

Ислам Каримовке арналған ескерткіш Ташкентте, Самарқанда және Қарши қалаларында тұрғызылады. Өзбекстанның суретшілер академиясы Каримовтің үздік портретіне байқау жариялаған.

Абай-ақпарат

3 пікір