Жұма, 19 Сәуір 2024
5592 20 пікір 26 Мамыр, 2017 сағат 08:58

Трамп НАТО-ны терроризмнен және Ресейден келетін қауіпке мән беруге шақырды (видео)

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ны оңтүстік және шығыс шекарадан келетін терроризм, миграция және Ресейден келетін қауіптен қорғануға шақырды.

Осылай деп Трамп 25 мамырда Брюссельде НАТО-ның штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде айтты.

АҚШ президенті Манчестердегі терактіні "варварлық шабуыл" деп атап, мемлекеттер терроризмге қарсы күресте бірігеді деді.

НАТО лидерлерімен кездесу алдында Дональд Трамп терроризмді "әлемдегі нөмірі бірінші проблема" деп атаған. Ол АҚШ террористік топтармен күресте үлкен жетістікке жеткенін де атап өткен.

НАТО басшысы Йенс Столтербергпен және Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесу барысында АҚШ президенті ұйымның 28 мүшесінің 23-і одақтастары алдындағы қаржылық міндеттемені орындамай отырғанын еске салды. Трамп мұның АҚШ-тың салық салушыларына ауыр салмақ екенін айтты.

Абай-ақпарат

20 пікір