Жұма, 29 Наурыз 2024
3771 1 пікір 25 Мамыр, 2017 сағат 08:51

Манчестердегі шабуылға қатысы бар делінген алтыншы күдікті ұсталды

Британиялық полицияның хабарлауынша, Манчестердегі шабуылға қатысқан деген күдікпен барлығы алты адам ұсталды.

Қылмыстық топты қолға түсіру мақсатында полиция бүкіл Манчестерде іздеу жұмыстарын жүрзізіп жатыр.

Ұлыбритания ішкі істер министрі Эмбер Раддтың мәлімдеуінше, Манчестердегі шабуылды бірнеше адам жүзеге асырған.

Бұған дейін полиция бесінші күдікті қолға түскенін хабарлаған. Солардың бірін ұстау кезінде күдікті қолына бір пакет зат ұстап тұрған. Қазір оның не зат екені анықталып жатыр.

Манчестердегі теракті жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" террористік тобы мойнына алды. "Манчестер аренадағы" концерт залындағы жарылыстан 22 адам қаза тапты.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3567