Сенбі, 20 Сәуір 2024
3652 0 пікір 25 Мамыр, 2017 сағат 08:48

Қырғыз белсенділері сайлау бақылаушыларының құқығын шектеуге қарсы шықты

Қырғызстанда бірнеше азаматтық белсенді 17 мамырда парламент қабылдаған "сайлау туралы" заңға қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Заң бақылаушылардың кейбір құқықтарын шектейді.

Белсенді топтың айтуынша, коммерциялық емес ұйымдардың бақылаушыларының "еркін жүріп-тұруына және кез келген сайлау учаскесін аралауға" рұқсат берілмейтін болды.

"Демократия және азаматтық қоғам үшін" коалициясының мәліметі бойынша, заңды 2016 жылы 19 қазанда бірінші оқылымда талқылаған кезде, құжатта бақылаушылар туралы өзгертулер болмаған.

Соған байланысты белсенділер парламентті тәуелсіз бақылаушылар жұмысына кедергі келтіруді доғаруға шақырды.

Абай-ақпарат

0 пікір