Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4689 5 пікір 24 Мамыр, 2017 сағат 12:45

Жердің астындағысын бәрі – түріктің (қазақтың) тарихы!

Армяндар қазіргі отанына кейінірек келіп орныққан. Оның алдында бұл «Ереван хандығының» жері болатын. Иран мен Осман империясының арасында қалқан қылып «христиан форпосын» жасағысы келген Ресей империясы кейін Иран мен Түркиядағы армяндарды осы өңірге әкеліп орналастырды да, оларға мемлекет қолдан құрып бергендей болды.

Қазір армянның жерін жыртсаң, астынан қыпшақтың (түріктің) сүйегі шыға келеді. Қазіргі Моңғолиядағы (оны да орыстар құрды) қорғандар мен обаларды да қопарсаң, астынан дәл осылай қазақтың (түріктің) сүйегін ғана табасың. Өйткені халхалар өлген адамын айдалаға апарып (жердің бетіне) тастап кететін. Сондықтан мына «моңғолдар» да өз тарихын жердің астынан емес, үстінен ғана іздеуі керек. Жердің астындағысын бәрі – түріктің (қазақтың) тарихы!

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір