Жұма, 29 Наурыз 2024
«Соқыр» Фемида 6095 5 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 10:30

«Букмекер, олимп» дегендер казиноның «ядный личинкалары!»

Кезінде «казино» деген кәззәп, құмарханалар болды. Жын-шайтанның бәрі сол маңға үймелейтін. Құмар ойын – Алла-Тағаланың тыйған нәрселерінің бірі, бұл – харам ойын, нағыз зұлмат! Алланы тыңдамағандар ерте ме, кеш пе, қаһарына ұшырайды. Қанша адам осы «магнитті құмаройынның» тірі құрбандарына айналды.

Бүгінгі күніміз өткен күннен жаман, бірақ, болашақ, алдағы күннен жақсырақ па деймін. Себебі, адам баласы күн өткен сайын еселене азуда. Бұрынғы казино белгілі бір жерге орналасатын еді және оған тек қана қалталылар келетін еді, саны аз еді. Соның өзінде халыққа зияны тигені себепті үкімет казиноны жоқ қылғандай көрініс көрсетіп халықтың сенімінен орын алған болатын. Яғни, үкімет казиноны жапты. Бірақ, бұл кезекті алдау, кезекті көзбояулары еді. Ал енді сол казиноның атын өзгертіп және пайда болғанына да біраз жылдар болды. Тек пайда болмады, «сендермен соңғы демім қалғанша күресемін» деп 10 есе қаһарлана пайда болды. Өзгерткен есімдері – букмекер, олимп, т.с.с - лар болды. Яғни, бұлар – казиноның улы жұмыртқалары, «ядный личинкалары!».

Қазіргі таңда Құлсары қаласында 60-қа жуық құмарханалар ашылды. Оның біреуінің өзі қанша есі кеткен ессіз адамды естен тандырып дуалауда. Салалары айналасындағы ауылдық жерлерден де бой көтеріп үлгерді. Бұл деген – барып тұрған сұмдық, масқара емес пе? Бұл деген – ұрпақты мәңгүрт етіп жаулау ғой! Азғындықтың шегі емес пе? Атам қазақ: «Қой терісін жамылған қасқырлар» деп дәл осындай сұрқияларды айтқан ғой. «Кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша бұл құмарханаларды жаптыруға үкімет шарасыз болып отыр. Жаптырмақ түгілі тексеруге де қақысы жоқ болып қалды. Себебі, бұл «сайтанойынның» иелері кәсіпкерлер болып табылады, ал кәсібін дөңгелеткендерге (ол харам ба, халал ма, ол жағы ажыратылмастан) заң мейіріммен қарай қойды. Бұлар үкіметке салық төлейді-мыс. Қалайша?

Адам баласы бірнәрсе жасарда сәл ойлану керек емес пе? Не нәрсенің де ең әуелі пайдасы мен зияны екшелмей ме? Онда салығын төлейік те апиын, есірткі сатайық, бір адам байысын да қалғаны опат болсын. Салығын төлетіп жезөкшелер үйін көбейтейік, үйлесе ме? Мысалы, құмархана мәселесіне келсек, бір адам шіріп байиды екен де, ал қалғандары соның төңірегінде қырылып өледі екен. Ал бұл істе негіз, мақсат, мүдде бар ма? Қанша адам соның төңірегінде бір-бірімен қырылысуда, қаншасының қалтасы қағылып өшін өзге біреуден алуда, қаншасы осы ойын үшін өз үйін, өз жерін сатуда, қаншасы осы үшін ұрлық жасауда, кісі тонауда, алдап-арбауда, бар мүлкін салуда, қаншасы аузы күйіп дарға асылуда, жанұядан айрылып шаңырақтары шайқалуда, айта берсе сан жетпейді. Сонда кімге пайда кімге зиян?

Арты қайырсыз, берекеті жоқ құмар ойын қанша адамды «адам санатынан» шығарып жіберді? Бұл құмарханалардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ құсап жаппай ашылуына не себеп болып отыр?

Біріншіден, құмаройыншылардың шамадан тыс көбеюі орын алып отыр. Ал бұлар қалайша аяқ астынан көбейіп кетті, бұған себеп не? Бұған себеп, мойындағы қылбұрау қамыт несие мен жұмыссыдық. Басында осындай категориялары бар адам, оның үстіне жалқау, жатыпішер арамтамақ адамдар оңай олжа іздеп, осындай құмарханалардан мол қаржыға ие боламын деген жалған үміт құрсауында қалады. Бұлардың үміттері – балығы жоқ суға қармақ салған ақымақ балықшының арманы іспеттес. Құмархана ашу үшін иелері қалайша қол жетпес (орталық, көше бойы, адам көп шоғырланатын жер, т.с.с) ғимараттарға ие болып алады? Мысалы, атағы шығып гүрілдеп тұрған бір дүкенді алайық, бір кезде тым жақсы қызмет атқарып тұрады, бір қарасаң құмарханаға айналып кеткен, бұл қалай? Дүкен иесінің анда-мұнда шапқылап, азып-тозып, әркіммен керісіп, басы қатып тапқандағы табысының көбі тышқан аңдыған мысықтың кейпіндегі «санэпид, салық, полиция, тазалық, су, жарық, газ, т.с.с жерлерге кетіп отырады. Содан қолға таза түсетіні 350-400 000 дейік, құмархана иесі дүкен иесіне келеді де, айына қолма-қол 350 000 тг қолыңа санап беріп тұрам, дүкеніңді маған «құмархана» ашуыма бер дейді. Шаруа бітті, және бір құмархана бой көтерді дей бер. «Кәсіпкерлікті қолдау» дейді, ал осы қолдаулар дүкен иелеріне неге жасалмайды? Дүкен иелеріне жасалмайтын қолдаулар құмархана иелеріне неге жасалады?

Құмархананың «лохатрон» деген жиені бар. Аты айтып тұрғандай, лоха – мәңгүртті, трон – түртіп жібер, яғни мәңгүртті түртіп ақшасын сыпырып ал дегенге саяды. Осыны ұқпаған адамзаттан не үміт күтеміз. Бұл харам ойындардың кесірінен «бірді екі қыламын» деп үміттенген ақымақтар өздері екіге бөлініп жанұядан айрылып жатыр. Сол ма пайдасы? Басы дуаланған еркектер, ертеңгі күні ел басына нәубет туса елің мен жеріңді кім қорғайды? Дуаланған зомбилар ұрпаққа не тәрбие бермек? Бұл құмарханаларды түбегейлі жоқ қылмай елге жарық жоқ, халыққа тыныштық жоқ. Сондықтанда, бұл мәселеге нүкте қойылсын деп жоғары жаққа үндеу тастаймыз! Бұл кесапат ойындарды заңмен шектемей еш уақытта орнына келмейді. Сондықтанда, депутат, министрлер, ұйқыларың қанған болса осы мәселені қолға алуларың сұралады! Құмарханалар түгел жойылсын!

Сәлемнен Жылой халқы!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549