Жұма, 19 Сәуір 2024
Ғибырат 6219 0 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 10:31

Тұрсынғазы Рахимовтың кітабы жарық көрді

Алматыдағы Ықылас атындағы Қазақ халық аспаптар мұражайында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кеші өтті.

Аталған шара барысында композитордың әндері орындалып, замандас достары мен інілерінің естеліктері айтылды.

Қазақстанның мәдениет қайраткері, талантты әнші Еркін Шүкіманның ұйытқы болуымен жарыққа шыққан "Сағынбасқа не шара" атты кітаптың тұсаукесер салтанаты да болды.

Кітапқа композитордың 70-ке жуық әні мен қазақ өнерінде өзіндік дара жол салып кеткен композитор Тұрсынғазы Рахимов туралы эссе-естеліктері еніпті.

Айта кетейік, әнші Еркін Шүкіман редакторлық етіп, әндерін нотаға түсірген "Сағынбасқа не  шара?" атты кітаптың жарыққа шығуына "Атамұра" баспасы қолдау көрсеткен.

Сонымен қатар, сазгердің ұлы Шалқар Рахимов Ықылас атындағы қазақ халық аспаптар музейіне әкесінің домбырасын табыстады.

Кеш барысында Жоламан Құжиманов, Саят Нұрғазин, Амангелді Күзеубай, Талғат Әбуғазы, Жасұлан Сақаев, Нариман Қажымұратұлы, Саян Бодесов, Ерғали Ағайдаров, Сәулежан Тағзия, Əділет Əдікенов, Азат Дулатұлы автордың  әндерін шырқады. Әндердің тарихымен кеш жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы Еркін Шүкіман таныстырып отырды.

Abai.kz

0 пікір