Жұма, 19 Сәуір 2024
4190 1 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 09:09

Трамп 50 ислам мемлекетінің басшыларына үндеу арнады

АҚШ президенті Дональд Трамп алғашқы халықаралық сапары барысында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 50-ден астам ислам мемлекетінің басшыларын "экстремизмнің көзін жою" мақсатында Таяу Шығыста "ұлттар коалициясын" құруға шақырды.

​Трамп Иранды аймақта "жанжал тұтатқан" шейіт жасақтарын қаржыландырды, үйретті және қаруландырды деп айыптады. Бұған қоса, ол сириялық президент Башар Асадқа қолдау көрсеткен Тегеранды сынады. Трамптың мәлімдеуінше, Сирияда алты жылдық азамат соғысы кезінде Асад "сөзбен жеткізгісіз қылмыстар" жасады.

Трамп мұсылмандарды діни идеяларды жамылған экстремизммен және терроризммен күресуге шақырды. АҚШ президентінің мәлімдеуінше, терроризммен күресті діндер арасындағы соғыс емес, "жақсылық пен жамандық күресі" деп түсіну керек.

Ол ислам мемлекеттерінің басшыларына "Америка өзінің өмір салтын басқаларға таратуды көздемейді, бірақ әріптестік пен сенім орнату үшін қол ұшын созады" деді.

Трамптың бұл мәлімдемесіне ерекше мән берілді. Өйткені оның президенттік сайлау науқаны қарсаңындағы сөздерін көпшілігі мұсылмандарға қарсы бағытталған деп түсінген еді.

Абай-ақпарат

1 пікір