Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 4243 3 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 10:11

Ни босап шығады да, Марал Қадыр 7 жылға сотталады

1 миллион доллар пара алған Ни босап шығады да, 45 000 теңгені сөмкесіне қорқытып, үркітіп салған Марал Қадыр 7 жылға сотталады.

Марал жетім қыз, жесір келіншек, жалғызбасты ана болатын. Оның кінәсіз екенін бүкіл әріптестері, облыс жұртшылығы, ақсақалдар алқасы айтып, соттан араша сұраған. Ал, әріптестері қайтқан анасына ұжым болып жинап берген батаға деген ақшаны пара ретінде тіркеу, еш адамгершілікке жатпайды ғой!

Қырық бес мың теңге үшін жеті жылға соттап, мүлкін кәмпескелеу, өмір бойы мемқызметке жолатпау бұл енді цирк. Сот үкімін естігенде Каспий күңіренді. Міне, саған мемлекет. Ал, жыртылыңдар, "Алға, Қазақстан!

Оңғар Қабденов

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір