Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
«Соқыр» Фемида 15933 19 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 14:44

Қорғас құрлық порты қытайлардың қолына өтеді

Қорғас құрлық порты қытайлар қаржы құйып, Қорғас қақпасының 49 пайыз акциясын сатып алатын болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең ірі теңіз және логистикалық оператор болып саналатын COSCO Shipping компаниясы “Қорғас – Шығыс қақпасы” ЕЭА дамуына қаржы салуды жоспарлап отырған көрінеді.  Пекинде өтіп жатқан “Бір белдеу – бір жол” халықаралық форумы барысында осы компания  мен “Қазақстан Темір Жолы” және Ляньюнган порты еркін сауда аймағын дамыту туралы келісімге қол қойып, ресми құжатты бекітті. 

Енді Қытай инвесторлары Қорғас қақпасының 49 пайыз акциясын сатып алуды жоспарлап отыр.

Ресми ақпарат құралдары “Қорғас – Шығыс қақпасы” ЕЭА COSCO Shipping компаниясының ірі өңірлік орталығына айналмақ. Бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда мен халықаралық көлік дәлізінің дамуына серпін береді" деп жазып жатыр.

Құжатқа қол қою салтанатына ҚР үкімет басшысының орынбасары Асқар Мамин, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов қатысқан.

Қорғас құрлық порты Қазақстандағы ең үлкен кеден бекеттерінің бірі. Қытай тарапы бұл бекетті толығымен өз басқаруына алатын болса, қазақтың есесі кетпей ме? Ендігі қойылар сауал осы...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

19 пікір