Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 11246 12 пікір 12 Мамыр, 2017 сағат 12:10

"Халық жауы" деп тұтқындалып, 7 млн 133 мың адам атылған

КСРО-да 1935 жылдың ақпанынан 1941 жылдың 22 маусымы аралығында 19 млн 840 мың азамат "халық жауы" деп тұтқындалып, оның 7 млн 133 мыңы атылған. Бұл Ресей ФСБ-сінің ресми мәліметі.

Яғни бейресми түрде, ақиқатында ол бірнеше есе көп деген сөз. Жүздеген халықтың асыл азаматтарын қырып-жойып, қанмен тұрғызылған пасық империя болмағанда, қазақтың саны бүгінде бәлкім кемі 60-70 млн болар ма еді? Қаншама түркі халықтары азат ел болып отырар ма еді? Өткенді өзгерту мүмкін емес. Бірақ келешекті өзгертуге болады.

Ол үшін ұлттық тарихты барынша дамыту керек, оқыту керек. Зұлымдықты үнемі айыптап, ашық айту міндетті. Бұрынғының кейпіне түспеу үшін, бодандықтың қамытын тақпау үшін білім мен ғылымды дамытып, ұлттық рухты серпілту аса маңызды.

Асхат Хасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

12 пікір