Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
4197 2 пікір 12 Мамыр, 2017 сағат 10:48

Алматыда ислам дінін уағыздаушының бас бостандығын бес жылға шектеді

Алматының Алмалы аудандық соты 33 жастағы жергілікті тұрғын, ислам дінін уағыздаушы Денис Коржавиннің ісін қарап, сол күні үкім шығарды. Сот оның бас бостандығын бес жылға шектеді.

Коржавин діни араздық туғызды деп айыпталды. Іс қозғауға оның Қазақстанда тыйым салынған "Үш негіз" кітабының араб тілінен орысшаға аударылған нұсқасын әлеуметтік желілерде жариялауы себеп болды.

18 ақпаннан бері абақтыда қамауда отырған Коржавин сот залынан босатылды. Сот үкімі күшіне енген соң, ол жергілікті органның пробациялық бақылауына есепке тұруы тиіс. Коржавинге тұрғылықты мекенін ауыстыруға немесе алдын ала ескертпестен Алматыдан шығуға тыйым салынды.

Коржавин үкімі Алматы қаласы прокуратурасының процессуалдық келісімі нәтижесінде шығарылды. Сот шешіміне сәйкес, Коржавин бейбітшілік пен дін бірлігін үндейді, өз дәрістерін жарияламайды.

Пробациялық кезеңде заң бұзған жағдайда, Коржавинді түрмеге жібереді.

Абай-ақпарат

2 пікір