Сенбі, 20 Тамыз 2022
Алаң 5236 10 пікір 5 Мамыр, 2017 сағат 13:04

Елді алдағаны ма, Елбасыны алдағаны ма?

Заңға жауапты министр заңды бұзып отыра бере ме?

Мемлекеттік  қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйлемейтін  әлемдегі жалғыз ел – Қазақстанда тағы бір білдей министр қазақша сөйлей алмай, «бір жылда үйреніп аламын ғой» деп құтылды…  Министр болғанда да анау-мынау емес, заңға жауап беретін Әділет министрі! Иә, сол, бірден білдіңіз, рөлге ішіп алып отырып, Ішкі істердің қолына түсіп, баспасөзді шулатқан Марат Бекетаев!

Есімізге түсіп отыр,  2004 жылы парламент сайлауы біткесін, сол кездегі Сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева  Әділет министрі болып кеткенде жазған: «Әділетсіз сайлау өткізсең - Әділет министрі боласың» деген сөзіміз  мәтелге айналып кетіп еді…  Өткенде де  Марат Бекетаев Әділет министрі болғанда баспасөзде «Ішіп алып көлік басқара алмасаң, Әділет министрлігін басқарасың» деген сөз желдей гулеп кетті…

Сонда заңға жауапты министр заңды бұзып отыр ғой…   Заң болғанда да, Қазақстанның Ата заңы – Конституцияның  7- бабы, 1-ші  тармағын  бұзып қойып, жағасы жайлауда жайбарақат есіп жүр…

Бұлардың алдында қанша министр, қанша әкім осындай уәде бергенінен жаңылып та қалдық. Өткенде Ұлттық экономика министрі, енді  Әділет министрі, ертең қай министр «Қазақшаны бір жылда үйренемін» деп, Қазақты алдап қойып, отыра береді?  

Бұл бұлардың  Елді алдағаны ма, Елбасыны алдағаны ма?..

Экс-сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сияқты: «Басыма операция жасап, миымды ауыстырмасаңдар, қазақ тілін үйрена алмаймын» -дегенінен гөрі «бір жыл болса да,  үйренеміні» дұрыс қой деп, соқыр үміттің соңында салпақтап келе жатқанымызға ширек ғасыр болды…

Қазақстанда қазақша білмесең – министр боласың!..  Өзбекстанда  өзбекше білмесең, арба да айдай алмайсың…  Өзбекстанды  өзіміздің туысқан,  көршілес бәсекелес ел болған соң мысалға келтіріп отырмын.  Әйтпесе, әлемнің бар елінде сол, мемлекеттік тілді білмесең, мемлекеттік қызметтің маңына да жуй алмайсың!  Тек Қазақстаннан басқа…

Елбасымыз айтқан Рухани жаңғырудағы  Ұлттық коды жоқтар Ұлтты қалай жарылқамақ?

Ұлттық жаңғыруды министрлерден бастап, мемлекеттік жауапты қызметтерге Ресейдің мемлекеттік тілін емес, Қазақстанның мемлекеттік тілін білетіндерді  алудан бастау керек!

Қазыбек ИСА

«Қазақ үні» газеті

Qazaquni.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2926
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2159
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1816
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2917