Жұма, 29 Наурыз 2024
4750 4 пікір 2 Мамыр, 2017 сағат 17:17

Ақ үй: Трамп Путинмен телефонмен сөйлеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлеседі деп хабарлады Ақ үй. Трамп әкімшілігі өкілінің айтуына қарағанда, екі ел басшылары телефонмен әңгімеде Сириядағы қақтығысты талқылайды. Сириядағы алты жылға созылған азамат соғысында Ресей президент Башар Асадты, ал АҚШ Асадтың билігін құлатқысы келетін қарулы көтерілісшілерді қолдайды.

Өткен айда Трамп Сириядағы үкімет күштерінің әуе базасына соққы жасауға пәрмен берген. Соққы Хан Шейхун қаласында бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданылғанына жауап ретінде жасалған. АҚШ 100-ге тарта адам қаза тапқан шабуылды Асад күштерінен көрген. Ресей шабуылға Асад күштерінің қатысы бар деген ұйғарымды жоққа шығарған. Бұл шабуылдан соң Трамп Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас "бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге түсіп кеткенін" мәлімдеген.

Трамп қызметіне кіріскелі бері Путинмен телефонмен бірнеше рет сөйлесті. Ресей сыртқы істер министрлігінің 1 мамырда таратқан ақпаратына қарағанда, келесі аптада Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Рекс Тиллерсон кездеседі. Кездесу 10 я 11 мамырда Аляскадағы Арктика саммитінің аясында өтпек.

Абай-ақпарат

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576