Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4748 0 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 10:19

Мәскеуде қырғыздардың қылмыстық тобы қандастарын тонаумен айналысқан

Ресей астанасында қырғыздардан ақша талап етіп, оларды тонаумен шұғылданған қылмыстық топ ұсталды. ІІМ мәліметі бойынша, күдіктілердің пәтерінен қару-жарақ табылған.

Мәскеудегі отандастарының қылмыстық тобынан зардап шеккен Айдостың айтуынша, бірнеше жігіт оның жұмысына келіп, ақша талап еткен.

"Менің мұнда жұмыс істеп жүргеніме бір жылдай болып қалды. Олар мені қорқытып, 80 мың рубль тауып бер деді. Полицияға шағымдануға мәжбүр болдым. Отбасым үшін алаңдадым. Өз құқығымды қорғағым келеді", - деді ол.

Қырғызстан ІІМ өкілі Аскат Әлиевтің хабарлауынша, зардап шегушілердің арызы негізінде тергеу басталған:

"Қылмыстық іс қозғалды. 19 сәуірде шұғыл тексеру шаралары өтті. Мәскеу полициясы Қырғызстанның 1991-1994 жылдары туған үш азаматын ұстады. Олардың пәтерінен Калашников автоматы мен оның 29 патроны және тапанша табылды. Ұсталғандардың бәрі - ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері".

Күдіктілердің екеуі бұрын сотталғаны анықталды. Олар өздерін Ресейде Коля Киргиз лақап атымен танымал Қамшы Көлбаев тобының мүшелері ретінде таныстырған.

Абай-ақпарат

0 пікір