Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Алашорда 24904 11055 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 14:54

Тұрсын Жұртбай. «Қазақ қалам қайраткерлеріне» (жалғасы)

Жазушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Бесігіңді түзе!..» кітабының жалғасы. Өткен бөлімдерін мына сілтемелерден оқи аласыздар:

http://abai.kz/post/view?id=7271

http://abai.kz/post/view?id=7292

http://abai.kz/post/view?id=7363

http://abai.kz/post/view?id=7851

http://abai.kz/post/view?id=7819

http://abai.kz/post/view?id=7851

http://abai.kz/post/view?id=7963

http://abai.kz/post/view?id=8004

http://abai.kz/post/view?id=8164

http://abai.kz/post/view?id=8190

http://abai.kz/post/view?id=8438

http://abai.kz/post/view?id=8635

http://abai.kz/post/view?id=8747

http://abai.kz/post/view?id=8925

http://abai.kz/post/view?id=8955

http://abai.kz/post/view?id=9050

http://abai.kz/post/view?id=9536

http://abai.kz/post/view?id=9857

http://abai.kz/post/view?id=10194

http://abai.kz/post/view?id=10277

http://abai.kz/post/view?id=10532

http://abai.kz/post/view?id=10740

http://abai.kz/post/view?id=10973

http://abai.kz/post/view?id=11107

http://abai.kz/post/view?id=11260

http://abai.kz/post/view?id=11485

http://abai.kz/post/view?id=11583

http://abai.kz/post/view?id=12512

http://abai.kz/post/view?id=12602

http://abai.kz/post/view?id=12674

http://abai.kz/post/view?id=12762

http://abai.kz/post/view?id=12863

http://abai.kz/post/48131

http://abai.kz/post/50447

http://abai.kz/post/50997

Бұл – Қазақ автономиялы республикасындағы баспасөз орындарына, ендi-ендi ғана сөз өнерiнiң тiзгiнiнен ұстаған «кедейшiл ақындарға» тiкелей қыр көрсету боп көрiндi. Байбалам саяси жалаға ұласып, «Ташкентте бұрынғы «Алаш» жазушылары жиналып, кеңеске қарсы топ құрды» – десiп айғайласты. Өзге-өзге емес «Шолпанның» бағытын түсiнiп, өзi де араласуға бейiл бiлдiрген Сәкен Сейфуллин де «қырын қарады». Бiз, бұл ашық хаттың Мұхтар өмiрiне байланысты алдағы уақытта сан мәрте тiлге тиек болатынын ескерiп, толық мағлұмат алу үшiн қысқартпай, түгелдей беремiз. Сондай-ақ Мұхтардың «кесiрлi» пiкiрлерiн бiлу де керек қой:

«ҚАЗАҚ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРIНЕ»

(Ашық хат)

Әдебиеттiң бiр сүйенетiн дiңгегi газет-журнал екендiгiн бұл күнде жұрттың бәрi де ұққан. Даусыз хахиқат екенiн бәрiмiз де мойындаймыз. Газет-журнал жалпы әдебиетпен қосылған жерде елдiң қисығын түзейтiн, түзу-терсiн көрсететiн айна, ойы менен көңiлiн бiлiм жарығына қарай айдайтын айдаушы екенiн де тегiс ұғамыз.

Бiрақ қазақ баспасөзi шыға бастағынына бiрталай заман болса да дәл айтылған тәрбиенiң мiндетiн атқарып, ойдың бiтiмi мен рухын өзi ұғып, өзiнiң бетiмен рухын елге үнемi ұғымды қылып, түзу жолмен аумай жүрiп отырған газет-журнал көп болды деп айта алмаймыз. Бұл сынды көтеретiн толымды жалғыз газет «Қазақ» едi. Оның өмiрi ұзын болған жоқ. Одан кейiнгi шыққан газет-журнал болса көбiнесе бiр қалыпта тұра алған жоқ: не басындағы адамы ауысады, не заманы ауысады, көбiнiң өмiрі тiптi болымсыз, қысқа болады. Сонымен тәуiр сөздiң қадiрiн ұғып, құлағын түрiп қалған қазақ бәрінен де қана жұта алмады, әдебиеттiң тәуiр бұйымдарын көксеп отыр.

Бұл айтылған сөз бiздiң баспасөздiң ұйқын-тұйқын болып, жөндеп шыға алмай жүрген бiр дәуiрiне тиiстi болса, осы соңғы бiр-екi жылдың iшiнде тағы бiр дәуiр туып отыр. Бұл баспасөздiң басылуы күшейген уақыт деуге болады. Бiрақ қалың қазақтың тiлегiне келгенде бұл саны бар, сапасы жоқ сөздерге ұқсайды. Өте көп, өте қиын жаңа сөздер сөйленiп жатыр. Солардың әдебиет арқылы бiрде-бiрi қазақтың миына кiрiп, рухына сiңдi ме? Сiңген жоқ. Сiңбей, бұл сөздер сұйықтық қылып отыр. Елдiң қышулы жерiн тауып, өзiнiң керек боларлық орнын бiлмегендiктен, оқушыны таба алмай отыр.

Сондықтан бiздiң осы күнгi баспа сөзiмiзден арзан сөз жоқ. Бұл арада ел бiржолата баспасөздi оқи бiлмейдi, надан, сөз қадiрiн әлi ұққан жоқ деп елдi орынсыз кiнәлаудың қисыны жоқ.

Ежелден жазу заңы – әрбiр жазушы өзiне лайықты оқушы табу керек. Әрбiр әдебиет, реттi әдебиет болам десе сол оқушының ауданын үлкейту керек. Сондықтан жазушының мiндетi: ол неге қызығады, ненi көксейдi қандай рухы бар, соны ұғып алу hам соған лайықтап сөзiн жазу.

Бiздiң осы күнгi газеттерiмiздi алсақ – кейбiрi бұл шарттардан бiржолата таза болып аман тұр. Кейбiрiнiң кiм екенi белгiсiз. Көбi ары-берi сандалуда. Сондықтан газеттерден қазiргi уақытта жұрттың көбi жамандау қазақ мiнезiнде өсекшiлдiктiң салдары: бұл жерде газет те ел рухына жақындайды. Сондықтан ол бөлiмнiң оқушысы бар.

Оның үстiне, өзге кiшiлiктi қоя тұрғанда, қазiргi кейбiр баспасөздер де көрiне, қазақтың мақтаншақтығы шығатын болды. Бұл әдет оқушы жиюдың орнына көп жұртты баспасөзден жирентiп барады. Осы айтқаннын бәрi де әдебиеттiң елге тәрбие бере алмай, иә рухына жақындай алмай жүргендiгiнiң белгiсi.

Бiрақ осымен қатар елдiң қазiргi тiлегiне, әдебиеттен iздейтiн бөлiмiне (спросына) қарасақ, ол белгiлi: ашық, дұрыс бiр-ақ тiлек болып отыр. Қазiр де қаладағы оқыған тобын былай қойып, қырдың көпшiлiгiн алсақ та, солардың осы күнгi iздейтiнi таза әдебиеттiң бұйымдары екенi даусыз.

Ертеден айтып жүретiн бiр сөз бар: қазақ жаратылысында беллетрист деген. Бұл қазақтың қай заманына болса да қисынды сөз. Осы күндерде мұның шыңдығын көрiп отырмыз. Таза әдебиетке өсiп келе жатқан қазiргi құмарлық осының салдары.

Сондықтан шығып жатқан газеттердiң бұндай iстерге жамандау мен мақтаудан қолы тимейтiн болса оларға бетiңнен жарылқасын деп, әдебиет бөлiмi бар журналдарда елдiң әлгi тiлегiнде еске алып, таза әдебиет ауданындағы сөздердi жазуы жас жазушылардың мiндетi.

Бұл айтылғандардан басқа екiншi бiр мәселе – қазақ әдебиетiнiң неше түрлi үлгiсi болса да әлi қалыпқа түсiп бiр тәртiпке салынған жоқ, соған hаркiмнiң пiкiрiн бiлiп, таза әдебиетке бiр жол салу, бет түзеу де бүгiнгi күннiң қарызы сияқты. Бұл жерде көмекшi болу – тағы да бiздiң жазушылардың мiндетi.

«Шолпанның» бетiнде осы айтылған сөздердi iске асырамыз ба деген үмiтпен басқарма, журналдың iлiм hам әдебиет бөлiмдерiне лайықты мақалаларды жiберiп тұруын қазақ жазушыларынан сұрайды.

Басқарма атынан Мұхтар Әуезов».

 

Пiкiрлердiң бәрi де орынды. Бiрақ тырнақ астынан кiр iздегендер үшiн Мұхтардың «таза әдебиетке» шақыруының өзi қылмыс едi. Өйткенi, саясаттан, қоғамнан тыс өнер болмақ емес. Ол – тек кедейлердiң мүддесiн қорғау тиiс. Сондықтан, пролетариат мәдениетiн – пролетариаттар ғана жасау керек. Қалғандары «жолбикелер». Ол «жолбикелердiң» қатарына – Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Даниял Ысқақов, Жанша Досмұхамедов, Қошке Кеменгеров қосылды. Жиырма сегiзiншi жылдары бұлардың тобына Бейiмбет пен Iлияс, отыз екiншi жыл Сәкен де iлiндi. Ал нағыз кеңес жыршыларының әдебиет тарихында аты қалғандары бiрен-саран ғана. Сондай-ақ, Мұхтардың «Қазақ» газетiн үлгi ретiнде ұстауын «Алашты» қайта тiрiлтуге тырысқан «төзбейтiн бейбастыққа» санады.

Мұның барлығы, әрине, өткен өмiрдiң жаңғырығы. Уақыттың тылсымында тұншығып қалған «байбаламдардың» қазiр залалсыз боп көрiнгенiмен де, кезiнде олар талай тағдырдың тас-талқанын шығарып, асқына-асқына ақыры «жолбикелердiң» бiразын ату жазасына кесiп тынды. Бiрақ жиырма бес жастағы әлi өмiр соққысын көрмеген, месi қайтпаған жiгiттiң алабұртқан көңiлi қайрат-жiгерге, үмiттi арманға толы едi.

(жалғасы бар)

Abai.kz

11055 пікір