Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3373 8 пікір 11 Сәуір, 2017 сағат 09:32

Джонсон: G7 Сирия және Ресейге қарсы санкция салуды қарастырады

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон «Үлкен жетілік» (G7) өкілдері Сирияға химиялық қару қолданғаннан кейін, ресейлік және сириялық әскери шенеуніктерге қарсы қосымша санкция салуды талқылайтынын мәлімдеді.

Джонсон бұл мәлімдемені 10 сәуірде Италияның Лукка қаласында өткен G7 елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде айтты.

Жеті елдің министрлері Сириядағы соғысты реттеуде ортақ шешім іздеп, оның президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп отырған Ресейге қалай қысым жасау керектігін де талқыға салмақ. Үлкен жетілікке АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция және Канада елдері мүше.

4 сәуірде Сирияның Хан-Шейхун қаласы, Идлиб провинциясында қолданылған химиялық қарудан 80-нен астам адам қаза тапқан.

Мәскеу мен Дамаск үкімет күштерінің қару-жарақ қоймасына жасаған шабуылынан кейін улы газ шығып кетті дейді. АҚШ және өзге де батыс елдері мұны жоққа шығарып, Башар Асад билігін халқына қарсы әдейі химиялық қару қолданды деп айыптайды. АҚШ жауап ретінде 7 сәуірде Сирия үкіметінің әуе базасына шабуыл жасады.

Abai.kz

8 пікір