Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаң 9955 9 пікір 10 Сәуір, 2017 сағат 12:07

Мұхтар Тайжан. Бізге қарсы шығатындар - латифундистер

Жақында ҚР Парламенті дау тудырған жер мәселесі жөніндегі Заң жобасын қарастырмақ көрінеді. Ол үшін Мәжіліс жанынан арнайы комиссия құрылған. Өткен жылғы Жер комиссиясы енгізген өзгертулер мен толықтыруларды талқылайтын жұмысшы топқа Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері арасынан қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан кірген.

Мәжілістің қарауына келген Заң жобасын талқылау үшін төменгі палатаның аграрлық комитеті Мұхтар Тайжанға арнайы шақырту жіберген. Бұл туралы қоғам белсендісі Мұхтар Болатханұлы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Сонымен Үкіметтің үндемей жүріп жерде жекелешендіріп жібермек болған жымысқы саясаты орындалмады. Жалпыхалықтық толқулар болып, бірнеше азаматтар торға тоғытылғаннан кейін Елбасы мороторий жариялады. Даулы 26-бап өзгермейтін болды. Жер шетелдіктерге жалға сатылмақ түгілі жалға берілмейтін болды.

Біз Парламенттің қарауына кешеуілдеп жеткен былтырғы жылғы Заң жобасын талқылайтын топқа кірген белсенді Мұхтар Болатханұлын сөзге тарттық.

- Мұхтар аға, Жер туралы Заңды талқылайтын комиссия қатарына қосылыпсыз. Сізден басқа  тағы кімдер бар? Комиссия жетекшісі кім? Неге жалғыз Тайжан жүр?

-Шынымды атсам, мен оны әлі білмедім. Маған электронды поштама осы хат келді. Алдым да, «Фейсбуктегі» парақшама бөлісіп жібердім.  Менен басқа тағы кімдер комиссия құрамына алынды, оның жетекшісі кім дегенді әлі білмеймін.

-Бұл былтырғы жылғы дау тудырған Заң жобасы ғой...Парламенттің төменгі палатасына енді жетіп отыр. Комиссия жұмысы басталды ма?

-Комиссия жұмысы әлі басталған жоқ. Бейсенбі күні бірінші отырыс болады, сол жерде жаңағы айтқандарыңыздың барлығы белгілі болады.

- Сіз өткен жылы Жер комиссиясы кезінде жұмысшы топта болдыңыз, білесіз. Халықтың дүмпуіне себепші болған 26-бап болды.  Жердің шетелдіктерге сатылуы әм жалға берілуі мәселесі жөнінде 3 ай бойы жұмыс істеген комиссия енгізілген түзетулер жаңа Заңға енді ме?

-Жүз пайыз енді деп сеніммен айта аламын. Есіңізде ме, мен «Фейсбуктегі» парақшама комиссияның шешімдері бойынша протоколдарды жарияладым. Ол 11 пункттен тұрды. Сосын, осы Заңның  презентациясын да жарияладым. Сол Заңды жазып шыққан жұмысшы топта мен де болдым, рас. Сондықтан, біз енгізген 11 пункт түгелімен жаңа Заңда бар, болуы керек. Біздің ендігі жұмысымыз -  Заңды Парламентте қорғап, бекітіп алу.

-26-бап ше?

-26 бап сол бұрынғы қалпында қалды. Қазақстан азаматтарына жер жеке меншікке берілмейді. Біз кеше митингке шыққанда Жер сатылмасын деп шықтық. Шет ел азаматтарына да сатылмайды, жалға да берілмейді. Тек Қазақстан азаматтарына жерді жалға беруге болады. Өйткені қарапайым шаруа жұмыс жасау керек.

-Қазақстан азаматы қанша жылға жалға ала алады?

-49 жылға дейін. Бірақ, жыл сайын ҚР Ауылшаруашлығы министрлігі мен әкімшілік жалға берілген жерді тексеріп отырады.  Жалға алушы жерді қандай мақсатта қолданады, оған қандай күтім жасалады, жерді жақсарту үшін қандай химиялық дәрілер қолданылады, барлығы дерлік бақылауда болады.

-Заңда бекітілген күтім нормасы бұзылса, жерді қайтарып алу құқысы бар ғой?

-Егер жерді алған адам, онымен дұрыс айналыспайтын болса, бекітілген нормалар бұзылатын болса, онда Үкімет жерді қайтарып алуға құқылы. Өйткені жер ортақ қазынамыз, ортақ байлығымыз. Өйткені жер біздің ұрпағымызға аманат. Бұл үлкен жауапкершілік.

-Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Өткен жылғы құрылған комиссия жаңа Заңды жазып шықты. Оның құрамында өзіңіз да болдыңыз. Тағы қандай түйткілді тұстары бар, жаңа Заңның?

-Біздің ендігі мақсатымыз – бізге ашық кадастр керек. Мен мұны ертең Парламентте де айтамын. Ашық кадастр деген сөз – жермен кім айналысады, жер кімнің қолында деген ақпараттың ашықтығы. Біз бәрін білуіміз керек. Бұл дүниежүзілік практикада бар. Сондықтан біздің басты мақсатымыз ашық кадастрға қол жеткізу.

-Жоғарыда айттық, Елбасы тапсырмасымен құрылған комиссияда бірсыпыра азаматтар болды. Ұзын-ырғасы 3 ай дегенде жаңа Заң жазылып шықты. Ал Парламентке биыл жеткен бұл Заңды қорғау үшін неге жалғыз Мұхтар Тайжан келген? Дос Көшімдер неге жоқ?  Сіз жалғызсыз. Көп болуыларыңыз керек-ті.

-Мен оны білмедім.  Мен жалғыз болсам, дауысым қаншалықты шығатыны белгілі ғой. Сондықтан біздің қоғамдық ұйымдардың өкілдері көптеп болса жақсы болар еді. Өткен жылы жер комиссиясы кезінде Оразалы Сәбден ағамыз болды. Дос Көшім аға болды. Сол кісілер де осы жолы талқыға қатысуы керек деп есептеймін. Әрине, мен оны шешпеймін. Мүмкін кірген де болар, ол бейсенбі күні белгілі болады. Мен де былтырғы комиссия кезінде құқықтық жұмысшы топта болдым, заңды жақсы білемін. Менің мойныма артылған жауапершілік бар. Мен бұл мәселені аяғына дейін жеткізуім керек.

Мен өз жұмысымды ашық көрсетіп отырамын, әлеуметтік желі арқылы. Бізге қарсы шығатындар - латифундистер.  Бұл норма бойынша – біз латифундистердің артық жерлерін алып, халыққа беруіміз керек.

-Жақсы, Мұхтар аға, жұмысыңызға сәттілік!

-Сіздерге де, рақмет!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616