Жұма, 29 Наурыз 2024
Арылу 5253 12 пікір 7 Сәуір, 2017 сағат 13:07

 Ақаев: Жамбасымның туған жерге тигенін қалаймын

 

 

Қырығыз елі тәуелсіздігін жариялап жатқан тұста мемлекеттегі нөмірі бірінші билікте болған Асқар Ақаев әйел-бала-шағасымен туған отанына қайтып оралуды ойлап, армандап жүрген көрінеді. Әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында Асқар байке:  "Менің жаным да, қаным да - қырғыз. Ата-анам мен ата-бабам қырғыз хандары болған. Не себепті менің туған жеріме қайтып оралуға қақым жоқ? Әрине, күндердің бір күні қайтып ораламын. Әзірге революциялық билік мені елге кіргізер емес. Мен мәңгілікке қайтып оралып, жамбасымның туған жерге тигенін, туған жерімде жерленгенімді қалаймын. Қанша дегенмен, қырғызбын ғой", - деп жазыпты.

Ата-анасы мен ата-бабасы қырғыз жұртына  хандық билігін жүргізген Асқар Ақаевтың еліне қайтып келуді жан-жүрегімен қалайтынын Беремет Ақаева (қызы) да растап, ҚазТАГ-тың тілішісіне берген сұхбатында айтып отыр. Бір кезде елдің ерке тотайы атанған Берметтің сөзіне сенсек, Ақаевтар отбасы саясатқа араласпайтын көрінеді. «Біз енді саясатқа араласпаймыз, тек Қырғыз мемлекетінің күшеюіне, тәуелсіздігінің іргесі берік болуына бар күшімізді сарп етеміз», - дейді Бермет ханым.

Естеріңізге сала кетейік, Ақаевтар 2005 жылы наурыз айында Қырғыз Респуликасының билігі мен елден кетуге мәжбүр болған еді. Сол кезде Қырғызстанда «қызғалдақ төңкерісі» жеңіске жетіп, билік басына Бакиевтер келген болатын. Алайда, Құрманбек Бакиев пен оның жақын туыстары да билікте ұзақ отыра алмай, 2010 жылы Қазақстан арқылы Беларуссияға қашып кеткен-ді. Оның да түбіне жеткен төңкерісшілер еді. Айтпақшы, екі экс-президентке де «қызғалдақтардың» тарапынан тағылған айып: олардың үйелменімен тұтас билікті билеп-төстеп, жемқорлыққа белшеден батқаны болды. Ақаев – қазір Мәскеуде. Мәскеудегі ЖОО-лардың бірінде қатардағы оқытушы. Бакиев, білетіндердің сөзіне сенсек, Беларуссиядағы Қазақстан елшілігінің ғимаратында тұрып жатқанға ұқсайды. Ақаевтың Алатоодың бауырына оралып, ғылым-біліммен ғана шұғылданып, тыныш жүруіне қырғыз елінің қалай қарайтынын тап басып айту қиын. Ал, Бакиевтердің келуіне айыр қалпақты ағайын тұтас қарсы. Өйткені, Бакиевтың кезінде елде адам ұрлау, тұтқындау, саяси оппоненттердің көзін жою секілді төтенше іс-қимылдар өте көп болды.

Abai.kz  

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620