Жұма, 19 Сәуір 2024
Күбіртке 4366 19 пікір 7 Сәуір, 2017 сағат 10:09

АҚШ Сириядағы химиялық шабуылға әскери қимылмен жауап беруі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрестің бірнеше мүшесіне Сириядағы химиялық шабуылға әскери қимылмен жауап беру мүмкіндігін қарастыратынын айтқан, деп хабарлады CNN.

Телеарна дереккөзінің мәліметі бойынша, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, президент жағдайды америкалық қорғаныс министрлігімен талқылап жатыр. Осындай келіссөздер туралы Reuters агенттігі де хабарлады.

Сәрсенбі күні Трамп сириялық Идлиб провинциясының Хан-Шейхун қаласындағы химиялық шабуылды "жантүршігерлік оқиға" деп сипаттап, оған "дұрыстап жауап беру керектігін" мәлімдеді. Президент әкімшілігі Сирияға қатысты саясатын өзгерте ме деген сауалға Трам: "Өздеріңіз көресіздер", - деп жауап берген.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Сириядағы жағдай бойынша орталық шешім қабылданбаса, біржақты әрекет ететіндігін мәлімдеді.

4 сәуірде сириялық оппозиция Хан-Шейхун қаласында ондаған адам қаза тапқанын хабарлады. Жергілікті дәрігерлер жүйкенің салдануын туғызатын газ қолданған болуы керек деді. Бүлікшілер, АҚШ және бірқатар батыс елдері химиялық шабуылды Сирия президенті Башар Асадтың күштері жасады деп отыр. Дамаск бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Abai.kz

19 пікір