Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4465 2 пікір 6 Сәуір, 2017 сағат 21:06

«Классиктер» қайдан шығады?

Белігілі бір ақын ағаммен сұхбаттасқанымда, «әдебиет әлеуметтік желіленбеу керек, керісінше әлеуметтік желі әдебиеттенуі керек» деген ойлы сөз айтып еді.

Бүгінде әлеуметтік желіде отырмайтын ақын, кемде-кем. Жасы да жасамысы да осында өзінің тың туындыларымен бөлісіп, пікір алмасуға бейім. Бұл белгілі бір деңгейде әдебиеттің дамуына, заманауилануына өзіндік септігін тигізіп жатқан болар. Алайда, шынайы пікір айту аз екендігі көрінеді. Олай деуім бекер емес. Кез-келген әлеуметтік желіде отыратын жас ақынның парақшасын ашып көріңіз. Әсіресе оның бөліскен шығармалары, өлеңдерінің астындағы пікірлерге көз жүгіртіңіз. Кілең мақтау, мадақтау. «Керемет», «тамаша», «ғажап» деген сарындарда өрбитін «айхайлаған», «пай-пайлаған» пікірлер... Яғни, сын жоқ. Өйткені, «пікіршілердің» көбі әдебиеттен алшақ қарапайым адамдар. Немесе поэзияны сахнада шырқалар әндердің сөзінің деңгейімен ғана салыстырып қарайтын өрімтал жастар. «Бет көрсе, жүз ұялады» дегенің кері болса керек, кейде тіпті мүйізі қарағайдай белгілі ақындар да сын-ескертпе, «қышқыл» ойлар айта алмайды. Әйтеу көппен бірге «лүпілдетіп», «бармақ көтеріп», қоштап кете береді.

Ал, сын жоқ жерде өсу мен өрлеудің болмайтындығын білесіздер. Меніңше, бұл бүкіл өмірі ұялы телефонға «тәуелді», әлеуметтік желі арқылы әр қадамы әлемге насихатталар бүгінгі жастар мен әдебиетшілер үшін жақсылыққа бастамаса керек.

Сөзіме дәлел, бүгінде біраз жастар әлеуметтік желі арқылы жүрдім-бардым шумақтар жазып, шатпақтап, ойсыз, жүйесіз жыр құрап жоғарыда айтқандай қошеметтерге ие болып жүр. Тіпті, қазір өздерін классик санап кетті. Ешбір ескертпе, көлденең сынды көтермейтін күйге жетті. Бұған сол азаматтардың кінәсі жоқ-ау, оларды осынай еткен өзіміз. Сын пікір, шын пікір айта алмайтын әдебиетшілер, оқырмандар.

Содан әлеуметтік желі әлі де болса әдебиеттене алмай жатыр-ау деген ойға қалам... Сіз не айтасыз?

Жарқынбек Амантайұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618