Жұма, 29 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 5778 14 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 12:03

Атамбаев арандатушы ма?

Қырғызстанда Президент сайлауы болады. Бұл сайлауға қатыспайтынын айтқан қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаев сөзден сүрінді. Тағы да.

Осы жолы қазақ пен қырғыздың экономикалық әлеуетін салыстырып, қазақ ауылдарынан гөрі қырғыз жұрты бақуатты тіршілік кешіп жатқанын айтты.

Сөзін бұрмалап, бәле іздеуден аулақпыз. Қырғыз Президенті Атамбаевтың айтуынша,

"Қазақстанға қатысты айтар болсақ, президент Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бұл — ТМД мемлекеттерінің арасында адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі бойынша көшбасшы ел.
Ал бізде Қазақстанмен салыстырғанда адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі тоғыз есе аз. Яғни, барлық есеп бойынша біздің азаматтар қазақстандықтарға қарағанда жеті-тоғыз есе нашар тұруы керек. Біз іс жүзінде Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын қарапайым халықтың тұрмысы бір-бірінен қатты ерекшеленбейтінін білеміз.
Алайда біздің Талас облысының тұрғындары көрші елдегі кей азаматтардан, мысалы, Жамбыл облысының адамдарынан жақсырақ тұрады".

Атамбаевтың сөзі қаншалықты қисынды? Сөз арасында айтылып кетті дейтінге келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қырғыз Президенті Қазақстанды еуро арнада айыптап, 2010 жылғы қырғыз дүрбелеңі кезінде кісі қазасына бізді себепкер етіп көрсеткен.

Артынша Қырғыз Республикасының Жоғарғы кеңесі депутаттары Атамбаевтың сөзін қоштай жөнелді.

Атамбаевтың мұнысына түсіністікпен қараған Қазақстан Президенті Назарбаев, қырғыздағы саяси науқан кезіндегі әуре-сарсаңның арасында айтылған дегенге сайдырды.

Жә, бес жыл сайын бір сілкініп алатын қырғыз жұрты биыл да бірнеше митинг өткізді. Сайлау алдында тұтқындалып кеткен оппозиция жетекшілерін босатуды талап еткен адамдар полиция қызметкерлерімен қақтығысып қалған. Ол кезде митинг күшпен таратылды.

Шекарасын бұзып, ауыл арасын жақындатқан, қиналса ақшасын да, басқасын да бөліп берген қазақ жұртына айырқалпақ ағайынның айтқан алғысы осы ма деген күдікті ой келеді. Бүлік іздеп, бәле шақырудан аулақпыз. Тек тыныш жатқан екі елдің байланысын біртүрлі мәлімдемелерімен бұзып отыратындай, Атамбаев арандатушы ма? Әйтпесе, бұлай айтпауы керек пе еді?

Атамбаевтың осы жолы айтқандарына Қазақстанның сыртқы саясатқа жауапты органдары не дейді?

Нұрзат Тоқажан

Abai.kz

 

14 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616