Жұма, 29 Наурыз 2024
Арандату 4613 6 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 10:57

Петербургтегі терактіні жасаған қазақ болуы мүмкін

epa05886217 A handout photo made available by megapolisonline.ru via VKontakte (VK) shows victims shortly after an explosion in a metro of Saint Petersburg, Russia, 03 April 2017. According to reports, at least 10 people were killed and dozens injured in an explosion in the city's metro system. The cause of the blast was not immediately known. Russia's National Anti-Terrorist Committee said that the explosions hit a train between Sennaya Ploshchad and Tekhnologichesky Institut stations, media added. EPA/megapolisonline.ru HANDOUT -- BEST QUALITY AVAILABLE -- ATTENTION EDITORS: GRAPHIC CONTENT -- HANDOUT EDITORIAL USE ONLY/NO SALES/NO ARCHIVES

"Интерфакс" агенттігінің полициядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, Петербургтегі терактіні жанкешті жасаған. Күдіктінің кім екені анықталған. "Алдын ала мәлімет бойынша, оны жасаған - 23 жастағы Орта Азия тумасы", - деп хабарлады "Интерфакс".

3 сәуірде Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан 11 адам қаза тапты. Бұл мәліметті Ұлттық терроризмге қарсы күрес комитеті таратты. 45 адам зардап шеккен. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Ақ үй Петербургтегі шабуылды сынап, Ресейге көңіл айтты. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп метродағы жарылысты "жан түршігерлік" деп сипаттаған еді. Батыс елдері мен саяси қайтаркерлер Ресейге көңіл айтты.

Петербург метросындағы жарылыс түскі сағат үш шамасында "Технологический институт" және "Сенная площадь" станциялары арасында келе жатқан пойыз вагондарының бірінде тіркелді. Кейін "Площадь Восстания" станциясында тағы бір жарылғыш зат табылып, залалсыздандырылды. Бұл уақытта Ресей президенті Владимир Путин Петербург шетінде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөздер жүргізіп жүрген.

4 сәуірде Санкт-Петербургте үш күндік аза тұту жарияланды. Бүгін әлеуметтік желілерде терактіні жасаған азаматтың қазақ болуы мүмкін екені жайлы жазбалар жариялана бастады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербург метросындағы жарылысқа қазақстандық студент Максим Арышевті қатысы бар деуге әлі ерте деп мәлімдеді. Министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша, аты-жөні анықталған жарылыс құрбандары арасында Арышевтің жоғын айтады.

Ал, кейбір белсенділер "Ресей митингілердің алдын-алу үшін ланкестік әрекетті өздері ұйымдастырды" дегенді айтады.

 

Абай-ақпарат

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3602