Жұма, 29 Наурыз 2024
Бірлік 6696 21 пікір 3 Сәуір, 2017 сағат 10:37

Елбасы Әзірбайжанға не үшін барды?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанға барды. Ақорда Твиттері таратқан ақпараттарға сүйенсек, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы ресми кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық және қауіпсіздік, экономика, транзит пен аймақтық саясат мәселелері қаралмақ көрінеді.

Қазақстан Президентін Бакудегі Халықаралық әуежайдан Әзірбайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары АР Ягуб Эюбов пен СІМ  Халаф Халафов күтіп алды.

Айта кетейік, Президент Назарбаев Бакуге қазан айында бармақшы болған.  Қазақстан Президентіне салқын тиіп қалуына байланысты, бұл сапар кейінге шегерілген. Бұл туралы "Abai.kz" ақпараттық порталы хабарлаған болатын.

Басқасы басқа, Әзірбайжан тарабы Президент Назарбаевтан Әзірбайжынның территориялық проблемаларына қолдау күтетіндіктерін ашық жеткізген екен.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Әсіресе әлемдік саясатта бітімгерлігімен танымал Қазақстан Президентіне бұл жолы артылар сенім мол.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Президент Назарбаевтың Әзірбайжан сапары туралы не дейді?

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

- Қазақстанды Әзірбайжанға деген ерекше симпатия көрсетеді деп осыған дейін бірнеше мәрте сынаған. 

Бірақ қазір Бакуге моральдік қолдау керек. Оның үстіне Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Саяси тұрғыда Астанадан бәлендей белсенді, ашық қолдау болмайтын шығар. Дегенмен гуманитарлы түрде көмек көрсетіледі.

Қазақстанға қатысты, ЕАЭО мен ҰҚКҰ-ға мүше емес Әзірбайжанға бүйрегі бұрып тұрады деген айыптаулар болды. Тіпті кейбір мемлекеттер Қазақстан мен Белоруссияны ҰҚКҰ-дан біржола шығарып тастауды да ұсынды.

Қазақстан мен Түркия түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесіне мүше. Сондықтан геосаяси бағыттың түркілік векторы да маңызды рөл атқармақ. Әсіресе "Жібек жолы" бағыты бойынша, сауда-саттықты күшейту, Қытайдың ОА-ға бағытында маңызды позицияны сақтап қалу мәселелері тағы бар.

Сондай-ақ, Каспий арқылы шекараласып жатқандықтан мұнай-газ тасымалды мәселелері бірінші кезекте талқыланатын болады. Бес мемлекет Каспийге кіріп отыр. Бұл тек қана бірлесіп жұмыс жасау мәселесі емес, сондай-ақ, қауіпсіздік мәселесі.

Президент Назарбаевтың Әзірбайжанға баруының екі бағыты болса керек. Бірі - экономикалық саясатты ретке келтіру. Сосын - геосаяси жағдайлар.

Айта кетейік, Қазақстан Президент Әзірбайжанда екі күн болады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

21 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541