Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4464 3 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 13:49

"Қазақы жемқорлық ғарышқа да жетті" десеңші!

Жүздетпесе жүре алмайтын, "ақаңнан" соң шулатпаса тұра алмайтын Мұрат жездем біраз уақыт көрінбей кетті. Ауыл тыныш болып қалды.
-Əй, ана Мұрат көрінбейді ғой,-деді тоқсанға таяп қалған əжеміз, -Аман ба өзі?
-Мəкең "алтынкенге" жұмысқа тұрып, шахтада жүр,- дедік біз.
-Ее, жердің үстін бүлдіріп, енді астына түсті десеңші!-деді əжеміз күрсініп.
"Казсат-2" жоғалып кетіпті" дей ме? Онда "Қазақи жемқорлық жердің үстін бүлдіріп, ғарышқа жетті" десеңші!

Арман Сқабылұлының "Фейсбук" парақшасынан алынды

Abai.kz

3 пікір